Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Абайлаңыз, Солтүстiк Қазақстан ормандарында өрт қаупi жоғары!

07.09.2017

Солтүстiк Қазақстан облысының ормандарында ауа райы ыстық болып, жел күшеюi салдарынан өрт қаупi жоғары.

Орман өртi туындауының нақты қаупiн ескерiп, орманға баруды шектеңiз. От көзiмен жұмыс iстегенде барынша абай болыңыз.

Өрт қаупi бар кезеңде мыналарға тыйым салынатынын естен шығармаңыз:

қураған шөптi, аңызды, шырпыларды, басқа да жанатын материалдарды өртеуге

орманда, қылқан жапырақты жас шыбықтар iшiнде, шөбi қураған жерлерде, ағаштардың саясында алау жағуға

тұтатылған сiрiңке мен темекi құтылдарын лақтыруға

орманда күн сәулесi түсетiн аумақта шыны, майласқан немесе бензин және басқа да жанар-жағармай заттары сiңген сүрткiштердi, басқа да жанғыш қоқысты қалдыруға

Орманда жану ошағы анықталған жағдайда Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқарманың диспетчерлiк қызметi телефонына (87152)531271 (тәулiк бойы) немесе басқарманың орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлiмiне мына телефондарға 8(7152)533639, 8(7152)533645 жұмыс уақытында (сағат 19.00-ге дейiн) шұғыл хабарлау қажет.

Өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтасаңыз, Сiз өз өмiрiңiз бен денсаулығыңызды, орманды және барша тiршiлiктi опат болудан сақтайсыз.

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң маманы
С.Е. Сүлейменова

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика