Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру әдісі ретіндегі оқу-өндірістік тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел

28.09.2017

2017 жылғы 27 қыркүйекте сағат 11.00-де «Аграрлық үйдiң» кiшi отырыс залында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бiлiм алушылардың кәсiби құзыреттiлiгiн арттыру әдiсi ретiндегi оқу-өндiрiстiк тәжiрибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткiздi.

Дөңгелек үстел өткiзудiң басты мiндетi мамандарды сапалы дайындауға бiрыңғай тәсiлдеме жасап шығару, студенттер өндiрiстiк тәжiрибеден өтуiне бiрыңғай тәсiлдеме қалыптастыру, оқу орындарының түлектерiн кейiннен Солтүстiк Қазақстан облысының орман шаруашылықтарына жұмысқа орналастыру мақсатында олардың кәсiптiк бiлiмнiң қажеттi көлемiн алуы.

Дөңгелек үстел жұмысына «Мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры, биологиялық ғылымдар докторы, профессор А.Р. Ысқақов; «Кондратовка тәжiрибелiк-көрсеткiштiк орман тұқымбағы» ЖШС директоры А.Е. Кебекбаев; Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасының бас маманы Д:С. Степанов; М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ауыл шаруашылығы кафедрасының меңгерушiсi, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Шаяхметова; ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы кафедрасының доцентi И.В. Савенкова; Ж. Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылығы колледжiнiң өндiрiстiк оқыту жөнiндегi директорының орынбасары С.Қ. Жұмағалиев; университет пен колледждiң түлек студенттерi; орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң өкiлдерi.

СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А.Ф. Усольцевтiң Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк орман шаруашылықтарында өндiрiстiк тәжiрибеден өткен кезде кәсiптiк құзыреттiң қалыптасатыны туралы баяндамасы тыңдалды, «МжӨҒЗИ» ЖШС бас директорының м.а. А.О. Ысқақов мекеменiң орман шаруашылығының келелi мәселелерiн зерттеу кезiнде ғылыми әзiрлемелердi жүргiзудегi мүмкiндiктерiмен таныстырды, М. Қозыбаев ат. СҚМУ ауыл шаруашылығы кафедрасының доцентi И.В. Савенкова мен Ж. Қизатов ат. Есiл ауыл шаруашылық колледжi директорының өндiрiстiк оқыту жөнiндегi директорының орынбасары С.Қ. Жұмағалиев бiлiм беру мекемелерiнiң жұмыс берушiлермен ынтымақтастығы мәселелерiн айтып өттi.

Басқарма одан әрi жұмыс iстеу үшiн оқу орындарымен бiлiм алушылардың кәсiптiк құзыретiн арттыру және барлық мүдделi тараптар қол қоюя үшiн өзара ынтымақтастық жөнiнде меморандум әзiрледi.

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң бас маманы
А.Б. Төлтаева


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика