Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Денсаулық фестивалі

11.09.2017

Петропавл қаласында, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры ғимаратының алдында «Өз денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен саламатты өмiр салтын дамытуға бағытталған «Денсаулық фестивалi-2017» өттi, оған табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлерi қатысты.

Қатысушыларды Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы М.Д. Қожахмет құттықтады. «Бiздiң облыс — елдiң спорттық өңiрлерiнiң бiрi. Солтүстiкқазақстандықтардың үштен бiрi спортпен шұғылданады. Бiз бала жастан спортпен шұғылдануға ұмтылысқа бейiмдеудiң қаншалықты маңызды екенiн жақсы түсiнемiз. Қадамдық қолжетiмдiлiк қағидаты бойынша дене тәрбиесiн дамытуға жағдай жасап жатырмыз. Облысымыздағы саламатты өмiр салтын ұстанушылар саны күннен-күнге көбейетiнiне сенiмiм кәмiл».

Дзюдо бойынша Еуропа 2017 кубогының қола жүлдегерi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, Қазақстан Республикасының дзюдо бойынша ұлттық құрамасының мүшесi Назгүл Маратова жүгiруге қатысушыларды рухтандыру үшiн келдi.

Барлық жүгiруге қатысқандар сертификат алды. Қалағандардың қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейiн тексеруге мүмкiндiгi болды. Қатысушыларға шашки, шахмат және тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды. Фестиваль соңында концерттiк бағдарлама көрсетiлдi.

Жануарлар дүниесi және балық
ресурстары бөлiмiнiң бас маманы
М. Никитин


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика