Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Қазақстан Конституциясы күнi

29.08.2017

Қазақстан Конституциясы мерекесiнiң қарсаңында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында ұжымның салтанатты жиналысы өткiзiлдi.

Жиналыс Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимнiн орындаудан басталды. Басқарма басшысы Қ.Қ. Сәдуақасов сөз сөйледi, ол:

«Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi мемлекеттiк мереке деп жарияланды. Қазақстан Конституциясы елдiң негiзгi заңы ретiнде Қазақстан халқының еркiн, оның елдi демократиялық, зайырлы, құқықтық және адам, оның өмiрi мен бостандығы басты құндылығы болып табылатын әлеуметтiк мемлекет ретiнде бекiтуге ұмтылысын қамтиды. Елдiң негiзгi заңы жаңа мемлекет табыстарының сенiмдi кепiлiне айналды. Облыс тұрғындарының бәрi үшiн азаматтық белсендiлiк пен әлеуметтiк жауапкершiлiк нормаға айналды», — дедi.

Басқарма басшысы облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi үлес қосқаны үшiн және Қазақстан Республикасы Конституциясы күнiнiң құрметiне басқарма басшысының орынбасары Е.Б. Әбұғалиевке облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасын табыстады.

Басқарма басшысы Қ.Қ. Сәдуақасов, басқарманың кәсiподақ комитетiнiң төрағасы Е.Б. Тәшiмов және «Нұр Отан» партиясының бастапқы партиялық ұйымының төрағасы М.М. Никитин барлық қатысушыларды атаулы мереке Конституция күнiмен құттықтап, ағайын-туғандарына денсаулық, табыс пен бақыт, әр отбасына береке-бiрлiк, Қазақстанның өркендеуiн тiледi!

Бөлiм басшысы
Қ.Қ. Қалиев

Қазақстан Конституциясы күнi Қазақстан Конституциясы күнi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика