Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Күзгi аңшылық маусымының ашылуы

05.09.2017

Қыркүйектiң бiрiншi сенбiсiнен берi жануардың жетi түрiне, соның iшiнде: қаз, үйрек, қасқалдақ, құр, шiл, одан бөлек борсық пен қабанға аңшылық маусымы ашылды. Жолдамаларды аңшлық шаруашылығы субъектiлерi сатады.

«Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы» РММ мен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ қызметкерлерi табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты тоқтату бойынша бiрлесе жүргiзген рейдтiк iс-шаралар барысында Меңгесер аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулау қағидаларын бұзушылықтың екi фактiсi анықталды.

Бұдан бөлек, ведомствоға бағынысты мемлекеттiк орман мекемелерiнiң қорықшылар құрамы табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтың екi фактiсi анықталды.

Бұзушыларға әкiмшiлiк хаттамалар толтырылды, айыппұл сомасы 5 АЕК (11345 теңге).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң бұйрығына сәйкес кәсiпшiлiк аң аулауды қоспағанда, бiр аңшыға қанатты және қымбат терiлi аңның бiр түрiн атып алудың тәулiктiк нормасы бес дара нұсқаға дейiн шектелгенiн ескертемiз.

Жануарлар дүниесi және балық
ресурстары бөлiмiнiң бас маманы
М. Никитин

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика