Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

МТРА телеарнасына жұпсыз жiбек көбелегi жөнiнде сұхбат

23.08.2017

2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының орман қоры аумағында жалпы аумағы 247,7 гектарда карантиндiк орман зиянкесi жұпсыз жiбек көбелегiнiң ошағы болды.

Ағымдағы жылғы маусым басында орман зиянкесi таралған күллi аумақта жойғыш күрес шаралары жүргiзiлдi.

Жұпсыз жiбек көбелегi шiлденiң соңы мен тамызда кешкi мезгiлде ұшады. Негiзiнен аталықтар ұшады. Ұрғашылары шағылысқаннан кейiн дiңдердiң тамырға тақалған жерiне, томарларға, қоршауларға, шырпыларға және басқа да жерлерге шоғырлап жұмыртқа салады, оларды құрсағындағы сарғыш үлпе түкпен мұқият қабаттап жабады. Ошақтың пайда болуы мен дамуының алғашқы жылдары әр шоғырда (жұмыртқалауда) орташа есепппен 350-500 жұмыртқа болады, ошақ басылатын жылдары жұмыртқа саны күрт кемидi.

Ең қолайлысы жұмыртқалауларды қадағалау. Ол популяция жағдайының болжам жасауға қажеттi сандық және сапалық көрсеткiштерiн алуға мүмкiндiк бередi. Алайда көбелектердiң ұшатын жазғы кезеңi болуы тиiс. Қадағалау мен зерттеу кезiнде синтетикалық феромонды тұзақтар қолданылады.

Тұзақтар орман мен сәндiк орман алқаптарындағы зақымдалған тұқымдар бар жерлерге көбелектер ағаштың ұшар басының сыртында, 1,5-2 м биiктiкте орман шетiнде, соқпақтарда, 200 га орман алқабына 1 тұзақ есебiнен тұзақтар арасында 500 м қашықтықпен орналасқан орман жолдарының бойымен ұшатын кезеңде iлiнедi.

Барлығы облыста 134 дана тұзақ орнатылды.

https://www.youtube.com/watch?v=vE09eZf9t0g — МТРА арнасындағы сұхбат видеосына сiлтеме

Басқарманың орман шаруашылығы
және ЕҚТА бөлiмiнiң бас маманы
Қ.Қ. Байтеңiзов

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика