Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Назар аударыңыз, байқау!

21.08.2017

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрi мәтiн бойынша — басқарма) 2017 жылғы 22 қыркүйекте 6-шы облыстық мектеп орманшылықтары слет-конкурсын өткiзудi жоспарлап отыр.

2017 жылғы таңдаулы мектеп орманшылығы анықталатын конкурс, Конкурс туралы Ереженi басқарма ағымдағы жылғы ақпанда бекiттi.

«2017 жылғы таңдаулы мектеп орманшылығы» конкурсы күллi орман шаруашылығы мамандықтарының беделiн арттыру, табиғатты сақтауға деген белсендi азаматтық жауапкершiлiкке тәрбиелеу және орман шаруашылығы бағытында арнайы бiлiмi мен машығы бар оқушыларды ынталандыру мақсатында өткiзiледi.

Слет-конкурсқа жалпы әдiстемелiк және ұйымдастырушылық басшылықты басқарма жүзеге асырады. Слетке қатысатындар 7-11 сынып оқушылары, облыстық мектеп орманшылықтарының өкiлдерi.

Конкурсқа қатысушылар теориялық және тәжiрибелiк сынақтардан өтедi:

  • теориялық бөлiгiнде слетке қатысушылар орман заңнамасын, ормандарды өрттен қорғауды, ормандарды молықтыруды және зиянкестер мен аурулардан қорғауды ұйымдастыру теориясын бiлетiнiн көрсетедi;
  • конкурстың тәжiрибелiк бөлiгiнде мектеп орманшылықтарының қатысушылары орман шаруашылық және табиғат қорғау қызметiндегi шеберлiгi мен ептiлiгiн көрсетiп, сайысқа түседi. Әдеттегiдей, барлық тапсырмаларды белгiлi уақытта, кедергiлер алабынан өтiп орындау керек.

Конкурс шарты бойынша мемлекеттiк орман шаруашылықтарының қатысуға өтiнiмi 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейiн қабылданады.

Мектеп орманшылықтарының слет-конкурсын өткiзу шарты өтiнiм келiп түскесiн және қатысатыны расталғасын қосымша жiберiледi.

Барлық қызықтыратын сауалдармен басқарманың орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiне 8(7152)533639, 8(7152)533645 телефондары бойынша хабарласуыңызға болады.

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң маманы
С.Е. Сүлейменова

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика