Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Назар аударыңыздар! Күзгi аңшылық маусымы ашылды!

11.09.2017

Назар аударыңыздар! Күзгi аңшылық маусымы ашылды!

«Мамлютка орман шаруашылығы» КММ 2 қыркүйекте күзгi аңшылық маусымы ашылуына байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекiтiлген Аң аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды.

Қағидалардың 2-тармағы 7-тармақшасына сәйкес Кәсiпшiлiк аң аулау аңшыда мынадай құжаттар:

  1. аңшы куәлiгi;
  2. жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсат;
  3. аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде жеке тұлғаларға — азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат;
  4. аңшылық шаруашылығы субъектiсiмен жасалған шарт;
  5. аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамалары;
  6. ауланған жануарларды есепке алу журналы (кәсiпшiлiк журналы) болған кезде жүзеге асырылады.

Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) түрi кезiнде аңшылық шаруашылығы субъектiсi рұқсаттың пайдаланылуына жауапты тұлғаны тағайындайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аңшылық шаруашылықтарының аумағында ғана аң аулауға рұқсат етiледi.

Мына жағдайларда:

  1. аңшы куәлiгiнсiз;
  2. атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
  3. аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
  4. аңшылық шаруашылығы субъектiсiмен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
  5. аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
  6. елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
  7. алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
  8. егiн орағы аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жерлерде;
  9. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
  10. жануарлардың рұқсатта көрсетiлген санынан тыс;
  11. рұқсатта көрсетiлмеген басқа жануарлар түрлерiн;
  12. аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасынсыз; аң аулауға тыйым салынады.

Аңшылық маусымы басталғалы берi мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерi браконьерлiк және заңсыз аң аулау фактiлерiн тоқтату үшiн рейдтiк iс-шаралар, сондай-ақ «Өрт қаупi бар маусымның жалғасуы және өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау қажеттiлiгi» тақырыбында аңшылармен сұхбат жүргiзедi.

Аң аулаған кезде мынадай өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтау керек:

  1. қураған шөп жануы мүмкiн жерлерде алау жақпау;
  2. сөндiрiлмеген темекi тұқылы мен сiрiңке шырпыларын лақтырмау;
  3. патрондарды оқтау үшiн оңай тұтанғыш тығындар мен бiр жапырақ қағазды қолданбау;
  4. аң аулаған кезде жеке қауiпсiздiк шараларын сақтау.

«Мамлютка орман
шаруашылығы» КММ әкiмшiлiгi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика