Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Облыстағы экологиялық проблемалар» тақырыбындағы дөңгелек үстел

12.09.2017

2017 жылғы 11 қыркүйекте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында (бұдан әрi — басқарма) үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкiлдерiнiң қатысуымен «Облыстағы экологиялық проблемалар» тақырыбында дөңгелек үстел өттi, онда экологияның келелi мәселелерi талқыланды.

Iс-шараның мақсаты: қоршаған орта ластануының негiзгi проблемаларын талқылау, облыстағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған iс-шаралар жөнiнде ұсыныстар енгiзу.

Мына мәселелер талқыланды және ұстанымдар қабылданды:

Баламалы энергияны дамыту (жел энергиясы, қазандықтарда көмiрдiң орнына сабанды қолдану) және тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату.

Жарты жылда бiр рет экологиялық хабаршы (экология мәселелерi талқыланатын журнал, сұрақ-жауаптар) басып шығару.

«Дөңгелек үстелге» «Экосфера» қоғамдық бiрлестiгiнiң өкiлдерi П.С. Дмитриев, И.А. Фомин, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы» жекеменшiк мекемесiнiң СҚОФ төрағасы А.К. Баймұқанов, басқарма басшысының орынбасары А.Ф. Усольцев және басқарманың бөлiм басшылары В.А. Лабанчук, Б.Т. Тайгилов, Ж.М. Башенова және Қ.Қ. Қалиев.

Басқарма маманы
М. Әнуаров


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика