Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері студенттермен кездесті

28.09.2017

Айдын Темiрбекова М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студентi. Орман шаруашылығы мамандығына оқиды. 3 курста бiлiм алып жүрген ол — болашақта осы салада жұмыс iстегiм келедi дейдi. Сол себептi бүгiнгi жиынға қатысып, қай жерде бос орын барын мұқият тыңдауда.

Қазiргi таңда өңiрде 12 орман шаруашылығы бар. 40 мың 259 гектары Мамлют ауданындағыға тиесiлi. Аталмыш аудандағы орман шаруашылығының директоры Қайырбек Қасеновтың айтуынша қазiр оларға 2 маман қажет. 

Қайырбек Қасенов — Мамлют аудандық орман шаруашылығының директоры:

— Соңғы үш жылда бiзге 13 жас маман келдi. Бiздегi орташа айлық орта бiлiмi барлар үшiн 56 мың теңгеден асады. Ал жоғары бiлiмi барлардыкi 65-мыңның маңайында. Тағы сыйақылар берiледi. Жалпы қолында дипломы бар мамандермен жұмыс жасау жеңiлдеу. Олар бұл iстiң негiзгiсiн меңгерген. Ал бiлмеген тұстарын өзiмiз үйретемiз.

Жалпы соңғы үш жылда облыстағы мемлекеттiк орман шаруашылықтарына 36 жас маман жұмысқа орналасқан. Қазiргi таңда 1 инженер, орманшы мен 2 орманшы-қорықшы керек екен. Бүгiнде бұл мекемелерде 18 адам зейнет жасында, тағы 27-сi еңбек демалысына шыққалы тұр. Яғни, алдағы 2-3 жылда орман шаруашылығына 45 маман қажет болады.

Василий Лабанчук — СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлiм басшысы:

— Облыста орман шаруашылығы бағыты бойынша мамандарды дайындайтын екi бiлiм ордасы бар. Ол — М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Жәлел Қизатов атындағы Есiл ауылшаруашылығы колледжi. Бiз олармен етене жұмыс жасаймыз. Студенттер әрдайым өндiрiстiк тәжiрибеден өтiп, бiлiктiлiктерiн шыңдайды. Бүгiнгi жиында алдағы әрiптестiк жайы талқыланды.

Кездесу соңында студенттер мекеме өкiлдерiне көкейлерiнде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика