Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Орманды молықтыру және орман өсiру iс-шараларын күзгi түгендеу

06.09.2017

Орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi мiндетi орманмен көмкерiлген аумақтың қысқаруына жол бермеу. Бұл үшiн мемлекеттiк орман шаруашылықтары орманды молықтыру және орман өсiру iс-шараларын жүргiзедi.

Орманды қалпына келтiру жұмыстарының тиiмдiлiгiн, өсiрiлген екпелердiң сапалық жағдайын, олардың қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн анықтау мақсатында жыл сайын 1 қыркүйектен бастап орман екпелерi, тұқымбақтар, орманның табиғи түлеуiне жәрдемдесу шаралары жүргiзiлген және мемлекеттiк орман қорының табиғи жолмен өсуiне қалдырылған аумақтар түгенделедi. Орман екпелерiнiң ұласып өсуi мен ахуалы айқындалады.

Орман екпелерiнiң ұласып өсуi — егiлетiн ағаш және бұта тұқымдары алған орындар санының есепке алынған егiлетiн орындардың жалпы санына арақатынасымен анықталатын шама. Түгендеу кезiнде қылқан жапырақты екпелердiң жоғарғы бұталары, жапырақты тұқымдардың — басты бұтаның бұйыққан бүршiктерiнен өсудi жалғастыру мүмкiндiгi сақталған тiршiлiкке бейiмдi өсiмдiктер ғана есепке алынады. Түгендеу материалдарының негiзiнде орман екпелерiн толықтыру туралы, яғни қураған өсiмдiктердiң орнына ағаш пен бұта көшеттерiн олтырғызу туралы мәселе шешiледi. 85%-дан азы ұласып өсетiн барлық учаскелер толықтыруға жатады.

Өсiрiлген көшеттiң барын нақты бiлу үшiн тұқымбақтар түгенделедi. Түгендеу кезiнде өсiрiлген егiлiмдердiң, көшеттердiң және шыбықтардың және басқа да егiлетiн материалдардың саны мен сапасы, тұқымына, жасына қарай ағаш отырғызу жұмысына жарамдылығы мен тұқымбақта өсiруге қалдырылатындығы анықталады.

Сондай-ақ түгендеу орманның табиғи түлеуiне жәрдемдесу шаралары жүргiзiлген (топырақты механикаландырылған дайындау, тұқым егу, егiлiмдердi қолмен өсiру) алаңдар, ағашы жаппай кесiлген учаскелер, бағалы екпеағаштар санатына енгiзiлуi тиiс орман екпелерi де түгенделедi.

Ағымдағы жылы 2043 гектар алаңда орман екпелерi, 1000 гектардан астам алаңда табиғи түлеуге жәрдемдесу шаралары жүргiзiлген аумақтар, орман шаруашылықтарының 29 тұқымбағындағы ағаш көшеттерi түгенделедi. Жас шыбықтарды бағалы екпеағаштар санатына енгiзудi 5000-нан астам гектарда жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң бас маманы
М.Г. Подоксенова

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика