Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Петропавл балық питомнигi Сергеев су қоймасына 96 мыңнан аса тұқы шабағын жiбердi

25.09.2017

Бұл 6 айлық шабақтар. Оларды мамандар дернәсiл кезiнен питомникте өсiрдi. Ендi, бүгiн Сергеев су қоймасына жiбермек. Оған дейiн кiшкентай балықтардың салмақтары өлшенуде.

Тиiстi норма осы. Шабақтардың әрбiрiнiң салмағы 12-20 граммды құрауы керек. Одан ауыр болса тiптi жақсы. Сонда кiшкентай балықтардың көбi су тоғандарында оңай қыстап шығады екен. Жалпы, биыл Петропавл балық питомнигiнiң мамандары 53 млн-нан аса шабақты өңiрдiң өзен-көлдерiне жiберген.

Рустам Жаңабаев — Петропавл балық питомнигi директорының орынбасары:

— Бiз жыл басынан берi су қоймаларына 13 млн 400 мың сиг тұқымды шабақ жiбердiк. Одан бөлек 40 млн кiшкентай тұқыны да жөнелттiк. Балықтардың жағдайлары жақсы болды. Салмақтары да жеткiлiктi. Олардың кем дегенде 80 пайызы тiрi қалады.

Ендi, бүгiн балықтардың соңғы легi жөнелтiлмек. Мамандар 96 мың 400 тұқы балығын арнайы бөшкесi бар көлiкке тиеп жатыр. Шабақтар Сергеев су қоймасына жiберiледi.

Ержан Жұмабаев — Петропавл балық питомнигiнiң директоры:

— Биылғы мемлекеттiк тапсырысты 100 пайыз орындадық. Жоспарлаған 54 млн-нан аса шабақтың барлығын өзен-көлдерге жiбердiк. Iске 30 млн 800 мың теңге қаражат ақша бөлiнген болатын. Ол толығымен игерiлдi.

Күзде питомник мамандарының жұмысы тоқтап қалмайды. Олар алдағы бiрер күнде облыс аумағындағы су айдындарынан сиг тұқымды балық уылдырықтарын жинауға кiрiсемiз деп отыр.

http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика