Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Сiбiр елiгiне аңшылық ашылды

19.09.2017

Сiбiр елiгiне аңшылық ашылды

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Аң аулау қағидаларына сәйкес 20 қыркүйектен бастап сiбiр елiгiн аулауға рұқсат берiлдi. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшының мынадай құжаттары болса жүзеге асырылады: 1) аңшы куәлiгi; 2) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат; 3) аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасы; 4) атыс қаруын қолдана отырып аң аулаған кезде — жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның оқтарын сақтауға және алып жүруге берiлетiн рұқсат; 5) аушы құстармен аң аулаған кезде — аушы құстың паспорты.

Тұяқтыларға ұжымдық (топтық) әуесқойлық (спорттық) аң аулау кезiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың пайдаланылуына жауапты аңшының деректерi оның беткi жағына жазылады, ал қалған қатысушылардың деректерi олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетiлiп, аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасында жазылады.

Тұяқты жануарларды аулау тиiстi аңшылық шаруашылығы субъектiсi қорықшысының қатысуымен жүргiзiледi.

Тұяқты жануарларды аулау туралы белгiнi тiкелей басқа жануарлар түрлерiн атып алғаннан кейiн — күн сайын аңшылық аяқталғанда не сол күнi басқа аң аулайтын орынға көшкен кезде қорықшы немесе ол болмаса аңшының өзi жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатқа, жолдамаға түсiредi.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн бекiту туралы бұйрыққа 2017 жылғы 11 мамырда енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жануарларды заңсыз атып алу салдарынан келтiрiлген зиян мөлшерi едәуiр көбейтiлгенiн ескертемiз. Сiбiр елiгiнiң жас төлдерi заңсыз атылған жағдайда, зиянды өтеу сомасы 500 мыңнан астам теңгенi құрайды, ал сiбiр елiгiнiң үлкен дара нұсқасын заңсыз аулаған жағдайда сомасы 800 мыңнан астам теңгенi құрайды.

Жануарлар дүниесi және балық
ресурстары бөлiмiнiң бас маманы
М. Никитин

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика