Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

СҚО мектеп орманшылығының 6-шы слеті өтті

26.09.2017

Жас орманшылар слетi өңiрде 6 шы рет ұйымдастырылуда. Оған табиғатты сүйетiн, қоршаған ортаның тазалғын бағалай бiлетiн 60 жеткiншек қатысып отыр. 11 командадан құралған табиғат жанашырлары 4 бағытта бәсекеге түстi. Олар — «Өзiн таныстыру», «Орман көпсайысы», тақырыптық сұрақтар және «Үгiт бригадасы» үй тапсырмасы.

Абылайхан Қайроллаев, «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

— Бұл слетқа бiздiң облысымыздың барлық аудандарынан жас оқушылар келдi.Бүгiнгi бiздiң бағдарлама бойынша бiзде негiзгi 3 конкурс өтедi.Барлық командалар дайын. Жеңiмпазды бүгiн анықтаймыз.

Ал мына жерде М. Жұмабаев ауданының «Лесной дозор» командасы сайыстың 2-шi тапсырмасы бойынша жұмыс iстеуде. Қолдарына карта алып, компастың көмегiмен орман iшiнде жасырылған заттарды iздестiру үстiнде. Тапсырманың қиындығына қарамастан, жас орманшылар алға қойған мақсаттарынан тайған жоқ. 

Бұл команданың алғашқы сайысы емес. Алдыңғы жылы жас орманшылар слетiнде «Лесной дозор» командасы 2-шi орын иеленген екен. Ал 2015 жылы дәл осы бағытта Ресейдiң Түмен қаласында өткен халықаралық сайысына қатысып, жүлделi оралған. Бүгiн де жүлденi жеңiп алуды мақсат етiп отыр. Маргарита Болтовова — сайысқа қатысушы, Мағжан Жұмабаев ауданы:

— Бiз «Лесной Дозор» командасы М. Жұмабаев ауданынан келдiк. Маған әсiресе от тұтатқан ұнайды. Бiз бұл сайысқа 7-шi рет қатысып отырмыз. Маған бұл жер ұнайды. Себеi бiз көп нәрсеге үйрендiк.

Слет қорытындысы бойынша үздiк деп танылған командалар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика