Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Солтүстiк Қазақстан облысының мектеп орманшылықтарының 6-шы слёт-конкурсы өткiзiлдi

26.09.2017

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2017 жылғы 22 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысының мектеп орманшылықтарының 6-шы слёт-конкурсын өткiздi.

Слёт өткiзiлген жер — СҚО, Қызылжар ауданы, Қарғалы арал, «Березка» балалар сауықтыру лагерi.

Слёттiң мiндетi — мектеп орманшылықтары мүшелерiнiң табиғат қорғау және орман шаруашылығынан сауатын жетiлдiру, табиғатты қорғауға деген белсендi азаматтық жауапкершiлiкке тәрбиелеу, арнайы бiлiмi мен тәжiрибелiк машығы бар оқушыларды анықтау және ынталандыру, мектеп орманшылықтары мүшелерiн шығармашылық, практикалық және оқу-зерттеу жұмыстарын iстеуге тарту, оқушылардың кәсiптiк бағдар алуы және өзiн-өзi кемелдендiруi, балалар бiрлестiктерi жұмысының жаңа шығармашылық түрлерiне бастама жасау, облыс ормандарының экожүйесiн зерттеуге, сақтауға және қалпына келтiруге мүдделi ұйымдардың, комитеттердiң, мекемелердiң бiрлескен қызметiн дамыту, бiлiм беру органдары мен орман шаруашылықтары тарапынан оқушылардың табиғатты қорғау жұмысын бiрлесе басқаруды жақсарту.

Слётке қатысушылар облыстың мектеп орманшылықтарының өкiлдерi, 7-11 сынып оқушылары. Әр мемлекеттiк орман шаруашылығынан 4 оқушыдан тұратын мектеп орманшылығы мүшелерiнiң бiр делегациясы қатысты, барлығы 12 команда.

Слёт жұмысының бағдарламасы мынадай конкурстық бағдарламаларды қамтыды:

  1. Мектеп орманшылығының, экологиялық бiрлестiктiң қызметi туралы стендке жасалған тұсаукесер есеп;
  2. «Орман көпсайысы» командалық эстафетасы;
  3. «Ботаника», «Дендрология», «Зоология», «Энтомология», «Орман өсiру», «Экология» номинациялары бойынша мамандандырылған жеке байқаулар.
  4. «Үгiт бригадасы» командалық байқауы.

Слёт-конкурстың қорытындысында командалардың әрқайсысы қатысқаны үшiн сертификат алды.

Мамандандырылған конкурстар үшiн 10 номинация бойынша («Ботаника, «Орман өсiру», «Дендрология», «Зоология», «Орман өрттерi») қатысушыларға жеке сыйлықтар табысталды.

Қорытындысы шығарылғаннан кейiн жеңiмпаздар аталды:

1-орынды «Аққайың орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мектеп орманшылығы атынан келген «Аққайың» командасы (Аққайың ауданы) иелендi.

2-орынды «Бұрлық орман шаруашылығы» КММ-нiң мектеп орманшылығы атынан келген «Жасыл патруль» командасы (Айыртау ауданы) иелендi.

3-орынды «Мамлютка орман шаруашылығы» КММ-нiң мектеп орманшылығы атынан келген «Орман шолғыншысы» командасы (Мамлют ауданы) командасы иелендi.

Слеттi өткiзудiң мақсаты облыстағы мектеп орманшылықтарының табиғатты қорғау және орман шаруашылығы жұмысының қорытындысын шығару, таңдаулы ұжымдарды анықтау әрi ынталандыру, мектеп орманшылықтарының мүшелерi мен басшыларының тәжiрибе алмасуы, мектеп орманшылықтары желiсiнiң қызметiн одан әрi дамыту және жетiлдiру болды.

Орман шаруашылығы және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар
бөлiмiнiң басшысы
В.А. Лабанчук


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика