Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2016 жылғы
26 тамыздағы № 326 қаулысымен
бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Петропавл қаласы, 2016 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар және өсiмдiк дүниесiнiң өзге де объектiлерiн қорғау саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомствосы жоқ.

3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

6. Заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiлiк берiлген болса, басқарманың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесi, 57в-үй.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау үшiн шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған табыс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. Басқарманың миссиясы:

Өкiлеттiгi шеңберiнде өңiрдiң қоршаған ортасын қорғау саласын басқаруды, экологиялық жағдайды жақсартуға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған бiрыңғай табиғатты қорғау саясатын қалыптастыруды атқару.

15. Мiндеттерi:

1) орман, аңшылық, балық, су ресурстарын, өзге де өсiмдiк және жануарлар дүниесi ресурстарын реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

2) орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесi бойынша мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;

3) қоршаған ортаның орнықтылығын сақтау және жақсарту мақсатында облыстың ормандылығын арттыру;

4) өсiмдiк, жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн, бiрегей үлгiдегi және сирек ландшафтыларды сақтау;

5) ормандардың өнiмдiлiгiн, аңшылық және балық ресурстарын көбейту;

6) қоршаған ортаны қорғау;

7) мемлекеттiк орман қоры жерлерiн азу мен эрозиядан қорғау.

16. Функциялары:

1) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;

2) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман өрттерiнiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi жыл сайынғы iс-шаралар жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;

3) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiретiн техникасын, көлiктерi мен басқа да құралдарын орман өртiн сөндiруге жұмылдыру тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа жұмылдырылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру, өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;

5) орманда өрт қаупi бар маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;

6) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдары орман қорына iргелес ауыл шаруашылығы егiстiктерiнде, жайылымдар мен шабындықтарда аңыздарды, орылған егiн мен өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеген кезде өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етедi;

7) өртке қарсы насихатты, ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi қағидаларын орындау туралы мәселелердiң бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жария етiлуiн ұйымдастырады;

8) облыс аумағында орман өртiне қарсы күрес жұмысын қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрып үйлестiредi;

9) орман қоры аумағында орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес және оның санитариялық жай-күйiн жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

10) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;

11) уәкiлеттi органға беру үшiн функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар дайындайды;

12) функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;

13) уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;

14) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ функционалдық қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер бередi және осы учаскелердi осындай объектiлер салу үшiн пайдалануға рұқсат бередi;

16) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;

17) түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн төлемақы ставкасын қоспағанда, орман пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкасын жергiлiктi өкiлдi органға бекiтуге ұсынады;

18) уәкiлеттi органға республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер жүйесiн дамыту бағдарламасы, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

19) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;

20) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органға қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекiту үшiн материалдарды дайындайды және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге бередi;

21) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жерлердi белгiленген тәртiппен резервте сақтауды қамтамасыз етедi;

22) қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

23) жергiлiктi атқарушы органға жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және күзету режимiнiң түрiн бекiту жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

24) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын жергiлiктi өкiлдi органға бекiту үшiн ұсынады;

25) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;

26) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;

27) қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;

28) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;

29) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзедi;

30) бiр облыстың аумағында орналасқан жергiлiктi, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзедi;

31) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

32) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

33) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

34) ғылыми ұсынымдар негiзiнде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттауды жүргiзедi;

35) рекреациялық балық аулау аймағын белгiлейдi;

36) балық шаруашылығы учаскелерiнiң шекараларын белгiлейдi, ұйықтарды (ұйықтық учаскелердi) ашады және жабады;

37) екi және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулау, сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрiн қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;

38) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының есебiн жүргiзедi, иесiз құрылыстар табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсiмдердi жүргiзедi;

39) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитариялық қорғаныш аймақтарын белгiлеу жөнiндегi қаулы жобасын әзiрлейдi және жергiлiктi атқарушы органға ұсынады;

40) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысады, су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi бағдарламалар жобасын бассейндiк кеңестердiң қарауына енгiзедi, бассейндiк кеңестердiң ұсынымдарын зерделейдi, оларды iске асыру бойынша шаралар қабылдайды;

41) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi бассейндiк бағдарламаларды iске асырады;

42) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейдi;

43) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;

44) II, III және IV санат объектiлерiне шаруашылық және өзге де қызмет түрлерiн жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзедi;

45) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашыл жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қарастыруға бередi;

46) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптық жұмыстар жүргiзу үшiн тартады;

47) II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар бередi;

48) өз құзыретi шегiнде табиғатты қорғау iс-шараларының жоспарларын және қалдықтарды басқару бағдарламаларын келiседi;

49) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi ұйымдастырады;

50) қолдан жасалған аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғыларды жасауды, қолдануды және пайдалануды келiседi;

51) өз құзыретi шегiнде гендерлiк саясатты iске асырады.

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұрату және алу;

2) уәкiлеттi органға орман және аңшылық ресурстарын пайдалану көлемi туралы ұсыныстар енгiзу;

3) жергiлiктi атқарушы органға мыналар бойынша ұсыныстар енгiзу:

ормандарды және жануарлар дүниесiн шаруашылық пайдалану режимiн белгiлеу;

орман ресурстары үшiн төлемақы ставкалары;

орман ресурстарын пайдалануға лимиттер мен квоталар;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және жұмыс iстеу режимi мәселелерi;

су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн белгiлеу;

4) аңшылық және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiп беру жөнiндегi актiлер жобаларын келiсу;

5) балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн дайындауға қатысу;

6) су объектiлерiн конкурстық негiзде оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi барлық қажеттi рәсiмдердi жүргiзу;

7) сулардың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру және қолданысқа берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстар жүргiзу шартын келiсу;

8) халыққа тиiстi аумақтағы су объектiлерiнiң жай-күйi туралы хабарлауды жүзеге асыру;

9) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимитiн бөлу жөнiнде шешiмдер дайындау;

10) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi iс-шаралар мен жұмыстардың барлық түрлерiн, орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды орманда жүргiзудiң белгiленген тәртiбi сақталуын тексерудi жүзеге асыру әрi жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде нұсқаулар беру;

11) жеке және заңды тұлғаларға белгiленген тәртiппен орман пайдалану шартының талаптарын бұзғаннан, орман ресурстарын, жануарлар дүниесiн ұтымсыз пайдаланғаннан, сондай-ақ ормандарға зақым келтiру мен жоюдан (соның iшiнде өрттен) орман, су шаруашылығына келтiрiлген залалдың орнын толтыруға қаражат өндiру туралы талап қою, шарт талаптарының орындалмауы туралы және орман пайдалану құқығын тоқтату туралы хабарлау;

12) табиғат пайдалану құқығын беретiн құжаттарды тексеру, табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды және ормандар мен жануарлар дүниесiн пайдалану, молайту, күзету және қорғау қағидаларын бұзған кезде табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды енгiзу;

13) жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесiн пайдалануға белгiленген қағидалар мен нормаларды, тыйымдар мен шектеулердi сақтауды талап ету;

14) орман, балық және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мәселелерi бойынша қорытындылар мен ұсыныстар беру;

15) орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiн басқаруды жүзеге асыру;

16) Басқарманың және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарының бюджеттiк және өзге де заңдарды бұзуын анықтау, жою және болдырмау мақсатында мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi бақылау қызметiн құру;

17) сотта Басқарманың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша талапкер және жауапкер болу;

18) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

18. Басқарманы басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуы және функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапкершiлiктi көтередi.

19. Басқарманың бiрiншi басшысын облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

Басқарманың қызметiн үйлестiру және басқару;

Басқарманың атынан заңнамада белгiленген шекте сенiмхатсыз әрекет етедi, шарттар жасасады және бұзады, банк шоттарын ашады;

өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкiлдiк етедi;

орман және өсiмдiк пен жануарлар дүниесiнiң өзге де ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету саласында мемлекет мүддесiне өкiлдiк ету;

су объектiлерiн пайдалануды реттеу және қорғау;

орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды уәкiлеттi органмен келiседi және iске асырады;

облыс аумағында орман өртiне қарсы күрес бойынша жұмысты, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссия құрып үйлестiредi;

Cолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; Басқарманың қызметiн жоспарлау және талдау әрi Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шара қабылданбағаны үшiн дербес жауапты болады, ерлер мен әйелдердiң тең құқығы және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

табиғат пайдалану саласына қатысты мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларына құқықтық сараптама жүргiзуге қатысу;

мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды тексеруге тартылатын органдармен өзара iс-қимыл жасау;

заңнамада және облыс әкiмi мен әкiмдiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн орындауды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Бiрiншi басшы заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерiн, коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң директорларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады әрi олардың өкiлеттiгiн айқындайды.

23. Мемлекеттiк орман күзетiне, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзетiне жататын Басқарма аппаратының қызметкерлерi белгiленген тәртiппен қызметтiк-штаттық қарумен қамтамасыз етiледi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

24. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiкке ие бола алады.

Басқарманың мүлкi өз қызметi нәтижесiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен алынған мүлiктен құралады.

25. Басқармаға бекiтiп берiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, Басқарманың өзiне бекiтiп берiлген, қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Басқарманың жұмыс режимi

28. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен дүйсенбi-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне қарасты коммуналдық мемлекеттiк мекемелер тiзбесi

  1. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ақан серi» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  2. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Аққайың орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Булаев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  4. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұрлық орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  5. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Есiл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  6. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  7. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамлютка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  8. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  9. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылжар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  10. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пресновка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  11. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сергеевка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  12. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Соколовка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  13. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Красный бор» жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

27.09.2016 16:49

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика