Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басшылық

Басшылық

Басқарманы облыс әкiмi тағайындаған басшы басқарады. Басқарма басшысының екi орынбасары бар, олар облыс әкiмiнiң келiсiмiмен тағайындалады.

Басқармасы басшысы Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы

Сәдуақасов Қабиден ҚайырбекұлыСәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы. 1961 жылғы 14 қаңтарда Целиноград облысы, Макин ауданы Қыстау-Қарағай ауылында туылған. 1983 жылы целиноград ауыл шаруашылық институтын зоотехник мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша тамамдады.

Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Макин ауданы «Суворов» совхозында зоотехник лауазымында бастады.

1984 жылдан бастап 1990 жылға дейін «Суворов» совхозының комсомол комитетінің хатшысы, одан әрі Целиноград облысы Макиндегі Қазақстан ЛЖОК ІІ хатшысы және І хатшысы сайлаулы орында жұмыс істеді.

1990 жылдан бастап 1993 жылға дейін Целиноград облысы Макин ауданы «Ерголь» совхозының бас зоотехнигі болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін Макин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін Макин ауданы әкімі аппаратында тілдер жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, аудандық комитеттің ұлттық саясат жөніндегі меңгерушісі, ішкі саясат және әлеуметтік сала секторының меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап 2008 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. 2008 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында төрағаның бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Астана» КМК директоры қызметін атқарды. 2011 жылғы шілдеден тамыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасында бас маман қызметін атқарды. 2011 жылғы 8 тамыздан бастап «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында» басқарма басшысы лауазымында.

Телефоны: 53-36-37

Басшының орынбасарлары

Усольцев Анатолий ФдоровичУсольцев Анатолий Фдорович. Солтүстік Қазақстан облысы Соколовка ауданы Сумное селосында 1960 жылы 17 қазанда туды. 1986 жылы Свердловск қаласының Орал орман техникасы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша аяқтады. Соколовка ауданы Налобин селосы Налобин совхозының машина ауласының жұмысшысы болып, Новосибирск қаласы Батыс-Сібір орман орналастыру кәсіпорынының орман орналастыру партиясының инженері, Петропавл қаласы ОШӨБ Солтүстік Қазақстан өнеркәсіп бірлестігі орман күзетінің инженері, Петропавл қаласы Қызылжар (Петропавл) мемлекеттік орман мекемесінің бас орманшысы, директоры болып қызмет істеді.

2010 жылғы 25 қарашадан бастап СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшының орынбасары.

Телефоны: 53-36-46

Ерлан Бекетұлы ӘбұғалиевЕрлан Бекетұлы Әбұғалиев. 1968 жылғы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Егiндiбұлақ ауданы, Егiндiбұлақ ауылында туылған. 1993 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденiнiң политехникалық институтын «Автокөлiк және автокөлiк шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2005 жылы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Құқықтану» мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды қаласындағы «Солтүстiк» шахтасында жерасты кеншiсi болып бастады.

1993 жылдан бастап 1996 жылға дейiн Сергеевка ауданы бойынша жеке тұлғалар табысына салық салу бөлiмiнде салық инспекторы болып iстеген.

1996 жылғы қаңтардан бастап Көлiк инспекциясы облыстық бөлiмшесiнiң жанындағы Сергеевка филиалының бастығы лауазымына ауысады.

1997 жылдан бастап 2008 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Көлiк инспекциясы бастығының орынбасары қызметiн атқарады.

2008 жылдан бастап 2009 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Көлiк инспекциясының бастығы.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейiн Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша өңiраралық инспекция бастығының қызметiн атқарады.

2012-2013 жылдар аралығында «Черкас А.Л.» ЖШС-ның атқарушы директоры.

2013 жылғы қыркүйек айынан бастап СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Тел.: 53-36-49

Мекен-жайы: 150000, Петропавл қаласы, Парк к-сi, 57в
Тел.: +77152 53-36-47 (приемная)
Факс: 53-36-37
Сенiм телефоны: 53-36-42
E-mail: dpr@sko.kz

03.08.2017 10:33

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика