Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі

Облыстың су ресурстары

Солтүстік Қазақстан облысының өзендер желісі нашар дамыған. Сумен жабдықтаудың негізгі көзі — Есіл өзені.

Есіл өзені — облыстың ең ірі су тамыры, оны оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтеді. Есіл Нияз тауларында теңіз деңгейінен 560 м биіктікте бастау алады және Ертіс өзеніне құйылады. Өзеннің ұзындығы 2450 км, су жинау алабының ауданы 177 мың км2. Облыс шегінде ұзындығы 690 км өзен учаскесі орналасқан. Өзен арнасы бұралаң, ені 40-тан 200 м дейін. Түбі көбінесе құмды. Қайраңдардағы тереңдігі – 0,1-0,3 м, иірімінде – 8-10 м дейін. Аңғарының орташа ені 4-тен 22 км дейін. Жайылмасы кең, көлдерінің саны мол. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Есілге Аққанбұрлық, Иманбұрлық өзендері, сондай-ақ бірнеше уақытша ағын сулар: Шудасай, Бағанаты және т.б. құйылады. Есілді минералдау маусымға байланысты 0,3-тен 0,7 г/л дейін өзгеріп тұрады.

Облыс шегінде өзен арнасы Сергеевка және Петропавл бөгендерімен реттелген.

Сергеевка бөгені 1968 жылы пайдалануға берілді. Ұзындығы 100 км, ең үлкен ені 7 км, ең үлкен тереңдігі 20 м, қалыпты тіреу деңгейі (ҚТД) кезінде су бетінің ауданы 117 км2 құрайды, көлемі 693 млн м3. Бөгеттің құрылымында тасқын суларын оның қырынан транзитпен өткізу мүмкіндігі ескерілген. Өзен сарқындыларын пайдалану сипаты бойынша бөгеннің бір жылдық деңгейді реттеуі бар. Тасқын кезінде шұғыл көтерілу байқалады, жекелеген жылдары бөгет қырының үстіндегі су қабаты 2-2,5 м дейін жетеді.

Петропавл бөгені Есіл өзенінде, іс жүзінде қаланың шегінде құрылған. Бөген арналы типті, су бетінің ауданы 9,7 км2 құрайды, орташа тереңдігі 4-5 м, көлемі 19,2 млн. м3. Негізгі міндеті Петропавл қаласын шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен жабдықтау, ЖЭО-2 сумен сенімдірек қамсыздандыру және Есілге іргелес Түмен облысы аудандарының мұқтаждығын қанағаттандыру үшін кепілді су беру болып табылады.

Өзендегі және бөгендердегі судың сапалық көрсеткіштері бірдей, судың сапасын бақылау белгіленген тұстамалар бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Соңғы жылдары өзеннің ұзына бойына суда мыстың (15 ШРК) және темірдің (5-6 ШРК) жоғары шоғырлануы белгіленген, бұл көрші Ақмола облысынан трансшекаралық тасымалмен байланысты. Айқындалатын басқа да көптеген ингредиенттердің шоғырлануы ШРК-ға сәйкес.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзені тұстамалары мен Сергеевка су қоймасында 2016 жылы ластаушы заттардың орташа жылдық шрғырлануы

Р/с № Алынған жері Көрсеткіші Орташа жылдық шоғырлануы мг/дм3 ШЖШ артуының еселігі
1.  Есіл өзені — Сергеевка қаласы Мыс 0,0046 4,60
Мырыш 0,0053 0,53
Фторидтер 0,32 0,43
СҮБЗ  0,042 ЖШЖ — жоқ
Хром (VI)  0,007 0,35
Жалпы фосфор  0,040 0
Фенолдар  0,0004 0,40
Мұнай өнімдері  0,029 0,58
Кадмий  0,0004 0,08
Қорғасын  0,0033 0,03
Никель  0,0049 0,49
2. Есіл өзені — Покровка кенті Мыс  0,0049 4,90
Мырыш  0,0053 0,53
Фторидтер 0,34 0,45
СҮБЗ  0,047 ЖШЖ — жоқ
Хром (VI)  0,008 0,40
Жалпы фосфор  0,030 ЖШЖ — жоқ
Фенолдар  0,0 ЖШЖ — жоқ
Мұнай өнімдері  0,022 0,44
Кадмий  0,0005 0,10
Қорғасын  0,0019 0,02
Никель  0,0055 0,55
3. Есіл өзені — Петропавл қаласы, қаладан 0,2 км жоғары Мыс  0,0020 2,00
Мырыш  0,0052 0,52
Фторидтер 0,28 0,37
СҮБЗ  0,044 ЖШЖ — жоқ
Хром (VI)  0,007 0,35
Жалпы фосфор  0,030 ЖШЖ — жоқ
Фенолдар  0,0004 0,40
Мұнай өнімдері  0,026 0,52
Кадмий  0,0003 0,06
Қорғасын  0,0011 0,01
Никель  0,0027 0,27
4. Есіл өзені — Петропавл қаласы, қаладан 4,8 км төменде Мыс  0,0018 1,80
Мырыш  0,0060 0,60
Фторидтер 0,32 0,43
СҮБЗ  0,046 ЖШЖ — жоқ
Хром (VI)  0,007 0,35
Жалпы фосфор  0,028 ЖШЖ — жоқ
Фенолдар  0,0005 0,50
Мұнай өнімдері  0,022 0,44
Кадмий  0,0003 0,06
Қорғасын  0,0015 0,02
Никель  0,0030 0,30
5. Есіл өзені — Долматово ауылы Мыс  0,0031 3,10
Мырыш  0,0068 0,68
Фторидтер  0,32 0,43
СҮБЗ  0,050 ЖШЖ — жоқ
Хром (VI)  0,007 0,35
Жалпы фосфор  0,038 ЖШЖ — жоқ
Фенолдар  0,0007 0,70
Мұнай өнімдері  0,029 0,58
Кадмий  0,0004 0,08
Қорғасын  0,0029 0,03
Никель  0,0054 0,54
6. Сергеевка су қоймасы — Сергеевка қаласы Мыс  0,0039 3,90
Мырыш  0,0048 0,48
Фторидтер  0,34 0,45
СҮБЗ  0,039 ЖШЖ — жоқ
Хром (VI)  0,006 0,30
Жалпы фосфор  0,043 ЖШЖ — жоқ
Фенолдар  0,0002 0,20
Мұнай өнімдері  0,026 0,52
Кадмий  0,0004 0,02
Қорғасын  0,0031 0,03
Никель  0,0042 0,42

«Қазгидромет» РМК деректерi бойынша 2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл өзенiнiң тұстамаларында және Сергеевка бөгенiнде ластаушы заттардың орташа жылдық концентрациясы

Р/с № Жинау орны Көрсеткіш Орташа жылдық концентрациясы, мкг/дм3 ШЖБК жоғарылауы қысқаша
2015 жыл
1. Есіл ө. —
Сергеевка қ-сы
Мыс 0,016 0,0016
Мырыш 0,0097 0,0
Фторидтер 0,13 0,0
СББЗ 0,000 0,00
Хром (VI) 0,0 0,00
Фосфор жалпы 0,098 ПДК — отс.
Фенолдар 0,0007 0,00
Мұнай өнімдері 0,013 0,02
Кадмий 0,0 0,02
Қорғасын 0,0 0,2
Никель 0,0032 1
2. Есіл ө. —
Покровка п.
Мыс 0,043 0,0043
Мырыш 0,009 0,0009
Фторидтер 0,22 0,011
СББЗ 0,000 0,000
Хром (VI) 0,07 0,007
Фосфор жалпы 0,595 ПДК — отс.
Фенолдар 0,018 0,0018
Мұнай өнімдері 0,031 0,0031
Кадмий 0,002 0,0002
Қорғасын 0,0048 0,00048
Никель 0,32 0,0032
3. Есіл ө. —
Петропавл қ-сы, 0,2 км қаладан жоғары
Мыс 0,41 0,0041
Мырыш 0,87 0,087
Фторидтер 0,15 0,02
СББЗ 0,0000 0,00000
Хром (VI) 0,07 0,007
Фосфор жалпы 0,019 ПДК — отс.
Фенолдар 0,013 0,0013
Мұнай өнімдері 0,021 0,0021
Кадмий 0,0 0,0
Қорғасын 0,39 0,0039
Никель 0,49 0,049
4. Есіл ө. —
Петропавл қ-сы, 4,8 км қаладан төмен
Мыс 0,03 0,003
Мырыш 0,011 0,0011
Фторидтер 0,12 0,016
СББЗ 0,000 0,0000
Хром (VI) 0,08 0,008
Фосфор жалпы 0,000 ПДК — отс.
Фенолдар 0,016 0,0016
Мұнай өнімдері 0,011 0,0011
Кадмий 0,02 0,002
Қорғасын 0,001 0,0001
Никель 0,29 0,029
5. Есіл ө. —
Долматово с-сы
Мыс 0,023 0,0023
Мырыш 0,93 0,093
Фторидтер 0,15 0,0202
СББЗ 0,000 0,0000
Хром (VI) 0,04 0,004
Фосфор жалпы 0,0000 ПДК — отс.
Фенолдар 0,0 0,00
Мұнай өнімдері 0,0516 0,44
Кадмий 0,0 0,00
Қорғасын 0,004 0,0004
Никель 0,79 0,079
6. Сергеевка бөгені —
Сергеевка қ-сы
Мыс 0,08 0,008
Мырыш 0,32 0,032
Фторидтер 0,15 0,31
СББЗ 0,000 0,0000
Хром (VI) 0,004 0,0004
Фосфор жалпы 0,103 ПДК — отс.
Фенолдар 0,0011 0,00011
Мұнай өнімдері 0,016 0,0016
Кадмий 0,0 0,00
Қорғасын 0,48 0,048
Никель 0,36 0,036

«Қазгидромет» РМК деректерi бойынша 2013 және 2014 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл өзенiнiң тұстамаларында және Сергеевка бөгенiнде ластаушы заттардың орташа жылдық концентрациясы

Р/с № Жинау орны Көрсеткіш Орташа жылдық концентрациясы, мкг/дм3 ШЖБК жоғарылауы қысқаша Орташа жылдық концентрациясы, мкг/дм3 ШЖБК жоғарылауы қысқаша
2013 жыл 2014 жыл
1. Есіл ө. —
Сергеевка қ-сы
Мыс 0,2 0,20 2,9 2,89
Мырыш 0,0 0,0 13,9 1,39
Фторидтер 0,13 0,0 0,26 0,35
СББЗ 0,000 0,00 0,007 0,0
Хром (VI) 0,0 0,00 0,006 0,00
Фосфор жалпы 0,098 ПДК — отс. 0,031 0,0
Фенолдар 0,0000 0,00 0,0003 0,25
Мұнай өнімдері 0,0291 0,02 0,020 0,41
Кадмий 0,2 0,02 0,1 0,0
Қорғасын 2,0 0,2 0,8 0,0
Никель 10,0 1 6,6 0,66
2. Есіл ө. —
Покровка п.
Мыс 0,1 0,10 3,1 3,07
Мырыш 0,1 0,01 11,8 1,18
Фторидтер 0,22 0,011 0,23 0,31
СББЗ 0,000 0,000 0,006 0,0
Хром (VI) 0,0 0,00 0,007 0,00
Фосфор жалпы 0,595 ПДК — отс. 0,034 0,0
Фенолдар 0,000 0,000 0,0002 0,18
Мұнай өнімдері 0,0452 0,00452 0,019 0,38
Кадмий 0,9 0,09 0,1 0,0
Қорғасын 3,2 0,32 0,3 0,0
Никель 19,7 1,97 5,9 0,59
3. Есіл ө. —
Петропавл қ-сы, 0,2 км қаладан жоғары
Мыс 0,1 0,1 2,0 1,99
Мырыш 0,0 0,00 16,6 1,66
Фторидтер 0,15 0,02 0,22 0,30
СББЗ 0,0000 0,00000 0,007 0,0
Хром (VI) 15,0 10,0 0,003 0,00
Фосфор жалпы 0,019 ПДК — отс. 0,031 0,0
Фенолдар 0,0000 0,40 0,0002 0,24
Мұнай өнімдері 0,0200 0,0004 0,018 0,36
Кадмий 0,7 0,07 0,1 0,0
Қорғасын 0,2 0,02 0,5 0,0
Никель 91,0 9,1 6,1 0,61
4. Есіл ө. —
Петропавл қ-сы, 4,8 км қаладан төмен
Мыс 0,0 0,00 1,8 1,78
Мырыш 0,0 0,00 11,9 1,19
Фторидтер 0,12 0,016 0,21 0,28
СББЗ 0,000 0,0000 0,007 0,0
Хром (VI) 0,0 0,00 0,004 0,00
Фосфор жалпы 0,000 ПДК — отс. 0,032 0,0
Фенолдар 0,000 0,000 0,0003 0,27
Мұнай өнімдері 0,0250 0,0005 0,019 0,37
Кадмий 0,2 0,02 0,1 0,0
Қорғасын 0,9 0,09 0,4 0,0
Никель 34,0 3,40 5,1 0,51
5. Есіл ө. —
Долматово с-сы
Мыс 0,0 0,00 3,3 3,33
Мырыш 0,5 0,05 16,1 1,61
Фторидтер 0,15 0,0202 0,25 0,33
СББЗ 0,000 0,0000 0,020 0,0
Хром (VI) 0,0 0,00 0,006 0,00
Фосфор жалпы 0,0000 ПДК — отс. 0,040 0,0
Фенолдар 0,0 0,00 0,0001 0,08
Мұнай өнімдері 0,0516 0,44 0,029 0,58
Кадмий 0,1 0,02 0,1 0,0
Қорғасын 1,8 0,18 0,4 0,0
Никель 51,0 5,10 7,5 0,75
6. Сергеевка бөгені —
Сергеевка қ-сы
Мыс 0,7 0,70 4,9 4,89
Мырыш 0,4 0,04 17,9 1,79
Фторидтер 0,15 0,31 0,22 0,29
СББЗ 0,000 0,0000 0,005 0,0
Хром (VI) 0,00 0,000 0,002 0,00
Фосфор жалпы 0,103 ПДК — отс. 0,030 0,0
Фенолдар 0,006 0,0006 0,0002 0,24
Мұнай өнімдері 0,0241 0,0120 0,015 0,30
Кадмий 1,0 0,2 0,1 0,0
Қорғасын 0,3 0,03 0,2 0,0
Никель 45,0 4,5 5,4 0,54

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2011 және 2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзенінің тұстамаларында және Сергеевка бөгенінде ластаушы заттардың орташа жылдық концентрациясы

Р/с№ Жинау орны Көрсеткіш Орташа жылдық концентрациясы, мкг/дм3 ШЖБК жоғарылауы қысқаша Орташа жылдық концентрациясы, мкг/дм3 ШЖБК жоғарылауы қысқаша
2011 жыл 2012 жыл
1 Есіл ө. – Сергеевка қ-сы Мыс 0,2 0,20 0,5 0,50
Мырыш 7,6 0,76 7,7 0,77
Фторидтер 260 0,35 100 0,13
СББЗ 2,0 0,02 2,0 0,02
Хром (VI) 0,6 0,03 5,1 0,26
Фосфор жалпы 17,0 ШЖБК — жоқ 23,0 ШЖБК — жоқ
Фенолдар 0,3 0,30 0,1 0,10
Мұнай өнімдері 19,0 0,38 24,0 0,48
Кадмий 0,1 0,02 0,3 0,06
Қорғасын 0,2 0,00 0,6 0,01
Никель 12,2 1,22 12,1 1,21
2 Есіл ө. – Покровка п. Мыс 1,6 1,60 0,7 0,70
Мырыш 6,6 0,66 1,1 0,11
Фторидтер 300 0,40 120 0,16
СББЗ 2,0 0,02 1,0 0,01
Хром (VI) 0,3 0,02 8,3 0,42
Фосфор жалпы 22,0 ШЖБК — жоқ 50,0 ШЖБК — жоқ
Фенолдар 0,4 0,40 0,2 0,20
Мұнай өнімдері 18,0 0,36 18,0 0,36
Кадмий 0,0 0,00 0,1 0,02
Қорғасын 0,1 0,00 0,4 0,00
Никель 14,1 1,41 19,5 1,95
3 Есіл ө. –
Петропавл қ-сы, 0,2 км қаладан жоғары
Мыс 0,4 0,40 0,0 0,00
Мырыш 4,3 0,43 2,2 0,22
Фторидтер 270 0,36 70,0 0,09
СББЗ 4,0 0,04 10,0 0,10
Хром (VI) 0,3 0,02 6,2 0,31
Фосфор жалпы 20,0 ШЖБК — жоқ 22,0 ШЖБК — жоқ
Фенолдар 0,4 0,40 0,1 0,10
Мұнай өнімдері 29,0 0,58 19,0 0,38
Кадмий 0,0 0,00 0,2 0,04
Қорғасын 0,1 0,00 0,2 0,00
Никель 15,2 1,52 16,0 1,60
4 Есіл ө. –
Петропавл қ-сы, 4,8 км қаладан төмен
Мыс 0,7 0,70 0,0 0,00
Мырыш 4,0 0,40 1,9 0,19
Фторидтер 230 0,31 140 0,19
СББЗ 1,0 0,01 8,0 0,08
Хром (VI) 0,5 0,03 7,4 0,37
Фосфор жалпы 13,0 ШЖБК — жоқ 25,0 ШЖБК — жоқ
Фенолдар 0,5 0,50 0,2 0,20
Мұнай өнімдері 25,0 0,50 17,0 0,34
Кадмий 0,0 0,00 0,1 0,02
Қорғасын 0,1 0,00 0,4 0,00
Никель 17,3 1,73 15,0 1,50
5 Есіл ө. – Долматово с-сы Мыс 1,1 1,10 0,4 0,40
Мырыш 4,3 0,43 4,6 0,46
Фторидтер 270 0,36 100 0,13
СББЗ 4,0 0,04 2,0 0,02
Хром (VI) 0,7 0,04 3,9 0,20
Фосфор жалпы 27,0 ШЖБК — жоқ 51,0 ШЖБК — жоқ
Фенолдар 0,3 0,30 0,2 0,20
Мұнай өнімдері 22,0 0,44 26,0 0,52
Кадмий 0,1 0,02 0,3 0,06
Қорғасын 0,4 0,00 0,2 0,00
Никель 10,1 1,01 13,4 1,34
6 Сергеевка бөгені – Сергеевка қ-сы Мыс 0,7 0,70 0,1 0,10
Мырыш 6,1 0,61 4,4 0,44
Фторидтер 230 0,31 100 0,13
СББЗ 3,0 0,03 6,0 0,06
Хром (VI) 0,4 0,02 7,5 0,38
Фосфор жалпы 19,0 ШЖБК — жоқ 33,0 ШЖБК — жоқ
Фенолдар 0,1 0,10 0,2 0,20
Мұнай өнімдері 21,0 0,42 20,0 0,40
Кадмий 0,1 0,02 0,2 0,04
Қорғасын 0,2 0,00 0,5 0,01
Никель 14,7 1,47 12,2 1,22

Солтүстiк Қазақстан облысында алаңы 10 гектардан төмен су айдындарын есепке алмағанда 2300-ге жуық көл бар.

Солтүстiк Қазақстан облысының көлдерi 3 топқа бөлiнедi: жайылмалық, жазықтық және таулы типтi көлдер

Жайылмалық көлдер

Жайылмалық көлдердiң, әдетте, енi үлкен болмайды және таға пiшiндi болып келедi. Тереңдiгi 8–10 м дейiн, суы әрқашанда тұщы. Жайылмалық көлдер Есiл өзенiнiң көктемгi жайылуынан және жарым-жартылай жер астындағы сулардан қоректенедi. Бұдан бөлек, жайылмасында әдетте шабындық және бұталар болады, бұл қыста ылғал жиналуына мүмкiндiк туғызады. Жайылмалық көлдердiң гидрохимиялық көрсеткiштерiнiң көбi Есiл өзенiнiң сапалық көрсеткiштерiмен үйлеседi, бiрақ бұл су айдындары түптiк тұнбалық шөгiндiлердiң көлемi айтарлықтай болғандықтан эвтрофия процесiне ұшырайды. Сондықтан қысқы кезеңде жайылмалық көлдерде суда ерiген оттегi мөлшерi кемидi, қышқылдану және тұзды аммонийдiң көрсеткiштерi артады.

Жазықтық көлдер

Жазықтық көлдердiң өзiндiк сипаты олардың қазаншұңқырының қоршаған төңiрегiне әлсiз кiрiгуi болып табылады. Жағалары әдетте төмен, жатық, жекелеген жерлерде аласа жарқабақпен, 3 м дейiн, сирек 5 м дейiн. Түбi өте тегiс, тұнбалы. Жазықтық типтi көлдердiң ең үлкен тереңдiгi 5 м аспайды, көлдердiң көпшiлiгi үшiн тереңдiктiң орташа мағынасы 1,5–2,5 м құрайды. Ауданы 50–500 га көлдер басым. Көптеген жазықтық көлдер атмосфералық шөгiндiлермен қоректенедi, сондықтан олардың деңгейi климаттық жағдайлардың өзгеруiне байланысты тiптi толық суалғанға дейiн едәуiр ауытқуларға ұшырайды.

Жазықтық көлдердiң минералдау көлемi өте кең: жиегiнде әдетте елдi мекендер орналасатын тұщы көлдерден, ащы және өзiтұндырғыш көлдерге дейiн.

Жазықтық көлдердiң құбылмалы гидрологиялық режимi оларды сумен жабдықтау көзi ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Әйтсе де жоғары биоөнiмдiлiгi бiршама iрi су айдындарында балық кәсiпшiлiгiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Төменде ең әдеттегi жазықтық көлдердiң сипаттамалары келтiрiлдi.

Үлкен Тараңғұл, Корнеевка ауылынан 0,5 км солтүстiк-батысқа қарай орналасқан. Су бетiнiң ауданы 3609 га. Суы тұщы, минералдауы — 500 мг/л, судың құрамы: гидрокарбонатты. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,2, суы таза.

Таранкөл (Кiшi Тараңғұл), Новопокровка с. 0,5 км шығысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 2566 га. Суы тұздылау, минералдауы — 2600 мг/л, судың құрамы: хлоридтi -натрийлi . Судың ластану индексi (СЛИ ) — 1,1, суы таза.

Лебяжье , Вагулино с. 1,5 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 523 га. Суы тұщы, минералдауы — 800 мг/л, судың құрамы: хлоридтi-натрийлi. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,2, суы таза.

Кiндiктi , Петровка с. 6 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 189 га. Суы тұщы, минералдауы — 800 мг/л. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,0, суы таза.

Пестрое, Петропавл қаласының шегiнде орналасқан. Су бетiнiң ауданы 137 га . Суы тұщы, минералдауы — 1000 мг/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1,2, суы таза.

Таулы типтi көлдер

Таулы типтi көлдер Қазақ шағын шоқысының солтүстiк шетiнде орналасқан. Жағаларының кескiнi мен пiшiнi әркелкi; әдетте бiр жағынан жағасы құламалы, биiк, арагiдiк қарағайлы немесе қайыңды орманмен таулы жыныстардың шығуымен, басқа жағынан — бұйрат-жазықтық дала өсiмдiктерiмен. Көлдер iрi, ауданы 4,0–4,5 мың га дейiн және тереңдiктерi 25-30 м дейiн. Көлдердiң көпшiлiгiнiң түбiнiң бедерi күрделi, тереңдiгi шұғыл өседi, әсiресе шоқылар жағасына етене жақын орналасқан жерлерде. Таулы типтi көлдердiң айқын сипатының бiрi жағалау жиегiнiң қиылуы болып табылады. Олардың жағасында өте кiшкентай айлақтар мен шығанақтар жиi кездеседi. Жағалары қиыршықтығы әртүрлi құм, қиыршық тас, жеке қойтастардан құралған. Көптеген көлдер рекреациялық мақсатта пайдаланылады.

Байсары, Лобаново с. 5 км оңтүстiкке қарай. Су бетiнiң ауданы 409 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi-сульфатты сыныпты тұздылығы аз су айдындарына жатады. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Шалқар, Айыртау а. 2 км солтүстiк-батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 3421 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi сыныпты тұзды су айдындарына жатады, минералдауы — 4,71 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Имантау , Имантау а. батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 4890 га. Суы тұщы, минералдауы — 0,78 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Белое , Заря с. 0,5 км солтүстiк-шығысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 1698 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi сыныпты өте тұзды су айдындарына жатады, минералдауы — 10,92 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Лобаново , Лобаново с. батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 423 га. Суы тұщы, минералдауы — 0,95 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Жақсы-Жалғызтау (Жақсы-Жаңғыстау) , Жақсы-Жалғызтау с. 0,5 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 4274 га. Ағынды көл: Қарасу өзенi құйылады, Аққанбұрлық өзенi ағып шығады. Суы тұщы, минералдауы — 0,52 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Су қорғау аймақтарының жағдайы

Су қорғау аймақтары қазiргi уақытта қанағаттанарлық жағдайда, себебi бұрында су айдындарының жағалауларының бойында орналасқан iрi мал шаруашылықтары жойылды, жер айдау ауданы кемiдi. Алайда кейбiр су айдындарына органикалық ластану түрiндегi антропогендiк әсер ету байқалады. Органиканың шайылуы жiтi рекреациялық пайдаланылатын су айдындарының жағалаулары бойында орналасқан елдi мекендерден болып тұр.

Барлығы облыс аумағында 76 су объектісі жобаланған, соның ішінде Есіл өзені мен оның тармақтары Ақанбұрлық пен Иманбұрлық өзендері, Шарық су қоймасы мен 72 көл (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысы / Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 5 сәуiрдегi № 134 қаулысы). Солтүстiк Қазақстан облысындағы су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерiн шаруашылық пайдалану режимi белгiлендi.

29.05.2017 09:16

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика