Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімі

Жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімі

СҚО кейбiр су айдындарында балық ресурстарының өсiмiн молайту шараларын жүргiзу жөнiндегi ұсынымдар Zip (211 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысының резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Zip (30 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысының резервтегi аңшылық шаруашылықтары Zip (14 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысының аңшылық шаруашылықтары Zip (18 Mb)

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Zip 51 Kb

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Zip 44 Kb

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Zip 33 Kb

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық алқаптар және балық шаруашылығының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Zip 38 Kb

Жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсаттар санының салыстырмалы кестесi

Айы Берілген рұқсаттар саны
2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
Қаңтар - 6 4
Ақпан - 3 -
Наурыз - 93 28
Сәуір - 1807 166
Мамыр 1448 25 39 
Маусым 20 48 142 
Шілде 46 1788 265
Тамыз 147 9762 195
Қыркүйек 423 4849 367 
Қазан 848 3012 106 
Қараша 30 1418  
Желтоқсан 8 4  
Жиыны: 2970 22815 1312

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарының мәліметтері бойынша Солтүстік Қазақстан облысында кемінде 378 омыртқалы жануарлар мекен етеді, оның ішінде сүтқоректілердің 57 түрі, құстардың – 283 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі, қосмекенділер – 6 түрі, балықтың – 30 шақты түрі бар. Барлық түрлер бірлесіп табиғи ортаның тұрақтылығын ұстауда атқарымдық-биоценотикалық рөл атқаратыны белгілі.

Солтүстік Қазақстан облысында омыртқасыз жануарлар арасында барынша жоғары әртүрлілігімен жәндіктер ерекшеленеді.

СҚО өзендері мен көлдері зоопланктонында су экожүйесінде жетекші рөл атқаратын барынша әртүрлі үш топ ерекшеленеді – шаян тәріздес ескекаяқтылар, коловраткалар, тармақаяқтылар, сонымен қатар бентос өкілдері (сүлік, моллюскалар, су кенелері, қоңыздар, шыбын құрттары және басқа да жәндіктер, жылғалылар және шаян тәрізділер).

Амфибия түрлерінен сұр және жасыл құрбақа, сібір бақасы және басқалары бар. Жорғалаушылардан сергек және тірідей туатын кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, кәдімгі және далалық улы сұр жылан мекен етеді.

Құстар фаунасы облыстағы омыртқалы жануарлар арасында барынша әртүрлілігімен ерекшеленеді және 20 қатарды қамтиды. Олардың арасында санының ең көбі – 100 шақты түрді қамтитын торғай тәрізділер (облыстағы барлық құстың 1/3). Олардың арасында ең көп таралғандары үй торғайы, таған, сұр қарға, барылдақ торғай және басқалары. Ржанка тәріздестердің 40 шақты түрі есептеледі. Маңызды шаруашылық және биоценотикалық мәнге ұя салатын және көктемгі-күзгі көші-қон кезінде ұшып өтетін 26 түрді қамтитын қаз тәріздестер. Оның өкілдері арасында 5 қаз түрі, 18 өзен, сүңгуір және жер үйректері және крохальдың 3 түрі бар. Ұя салатындар ішінен сұр қаз, кряква, сұр үйрек, 2 шүрегей түрі, қызыл басты және шашақты қарала үйрек және тағы басқалары санымен көзге түседі. Барлық көрсетілген түрлер әуесқой, аңшылықтың нысаны болып табылады. Биоәртүрлілікті сақтап қалу тұрғысынан қызығушылық туғызатын басқа құстар қатарынан 20 шақты саналатын күндізгі жыртқыш құстарды атап өту керек, олардан 5-уі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.

Сүтқоректілер фаунасы 6 қатармен көрсетілген: жәндікпен қоректенушілер, қолқанаттылар, қоянтәрізділер, кеміргіштер, жыртқыштар және қостұяқтылар. Кеміргіштер қатары таралу бойынша ең көп санды және әртүрлі болып табылады – 12-ден астам түрі бар, олардың арасында орман фаунасының өкілдерімен қатар, мысалы кәдімгі тиын және орман тышқаны, дала фаунасы – суыр-байбақ, қызыл сары және қызыл бетті саршұнақ және тағы басқалары бар. Суды мекендейтіндер арасында ондатр және су сұртышқаны кездеседі. Синантропты түрлер-де бар – үй тышқаны мен сұр егеуқұйрықтар.

Облыс аумағында қоянтәріздестер арасынан, ақ қоян және ор қоян мекен етеді.

Жыртқыштар қатарында 12 жануар есептеледі, олардан түлкі, қарсақ, дала күзені және сарыкүзен, борсық барынша көп таралған. Бұл қатардың барлық өкілдері, орман сусары, құндыз бен қара күзенді қоспағанда, аңшылық нысаны болып табылады.

Басқа қатар құрамында саналатындар: жәндікпен қоректенушілер – 7 түр, жұптұяқтылар – 4 түр, қоянтәріздестер – 2 түр және қолқанаттылардың 1 түрі. Бұл қатарлардан ең аз зерттелгені қолқанаттылар өкілдері болып табылады. Олармен кездесу облысымызда үнемі тіркелуде, дегенмен СҚО үшін нақты қай түрі тән екенін тап басып айту мүмкін емес. Жәндікпен қоректенушілермен-де ұқсас жайт, олардың да кейбір түрлері туралы, ақпарат жоқтың қасы.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы, аңшылық жануарларының негізгі түрлері

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мекендейтін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері

21.11.2017 10:08

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімkazagrotvvisitkazakhstan
  ?iaaen oeoe?iaaiey Яндекс.Метрика