«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызмет имиджі

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық уәкілеттіктерін мемлекеттік органдарда орындау бойынша қызметі. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін жүзеге асыруға борышты.

Мемлекеттік қызмет үшін имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Ол халықтың оған деген сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін, мемлекетпен жүргізілген қайта құруларды бағалаудың критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар қызметінің нақты әлеуметтік топтардың және жалпы қоғамның талаптары мен күтулеріне сәйкестігі дәрежесін белгілейді. Сондықтан, имидж айтарлықтай шамада азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатысты тәртібін, мемлекеттік қызметтің қызметін қоғамдық қолдау дәрежесін және оны реформалау бағдарламаларын айқындайды. Мемлекеттік қызметтің және мемлекеттің қызметшілердің жағымды имиджін қалыптастыру аталмыш әлеуметтік институттың тиімді жұмыс істеуінің және дамуының қажетті шарты, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің нәтижелілігін жоғарылатудың шарты болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін жоғарылату қажеттілігіне қатысты мәселелерге байыпты назар аударады.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуында іс жүзіндегі жетістіктерге жетті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кәсіби мемлекет құру ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді жүзеге асыру көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне шартты. Бұл мәселеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру маңызы зор қадамдардың бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің имидждік саясатымен өзара тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне талап етілетін негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде айқындалған. Осылайша, м емлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді қамтиды. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру – күрделі және ұзақ процесс. Мемлекет бұл бағытта мақсатты жұмыс істейтінін атап өтуге болады. Үкіметтің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 Қаулысымен 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтудың өзі жеткілікті.

Бар әлемде мемлекеттік сектор үнемі назарда, қоғам өмірінің орталығында тұрады. Бірақ басқару құрылымын нығайту, жетілдіру, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар негізгі тұлғалардың бірі – мемлекеттік қызметші – жұртшылық назарында кәсібисіздік, бюрократтық, сыбайлас жемқорлыққа бейімділік сияқты жағымсыз ерекшеліктердің иесі болып тұрғанынша ойдағыдай табысты болмайды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші ие болуға тиіс негізгі сапаларды атап көрсетті. Бұл – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ұждандылық, белсенді өмірлік көзқарас. Мемлекеттік қызмет атқаратын әрбір адам өзінің жұмысының бар маңыздылығын түсінуге және қарапайым өз елінің  патриоты болуға тиіс.      

Басқарма қызметшілері Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен өтетін спорттық-көпшіліктік іс-шараларға белсене қатысады.

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018 16:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2018 16:38

Басқармасы басшысы
Бос орын

Подать резюме

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

A- A A+