«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

СҚО қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттық бюллетені

2020 жылғы қаңтар қорытындысы бойынша Петропавл қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жағдайы туралы ақпарат (ZIP 146 Kb)

2019 жыл қорытындысы бойынша Петропавл қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жағдайы туралы ақпарат (ZIP 146 Kb)

Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiнде

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу ең жiтi әрi көкейтестi мәселелердiң бiрi. Адамның өнiм тұтынуы жыл сайын артуда, қалдық өндiру санының да осыған iлесуi заңды.

Тұрмыстық қатты қалдық полигондары мол аймақты ала бастады. Бүгiнгi күннiң өзiнде қоқыс орман алқаптарын, су айдындарының жағалауларын басып жатыр, бұл әдеттегi жағдайға айналды. Адамдар өз Мемлекетi, өзiнiң, балалары мен немерелерiнiң болашағы туралы еш ойланбастан саябақтарда қоқыс лақтырып кетедi, табиғат аясында демалғаннан кейiн тау-тау қоқыс үйiп кете барады, көлiктерiнiң терезесiнен автомобиль жолдарының жиегiне қоқыс лақтырып кетедi. Бұл қорқыныш туғызады, себебi бүгiнгi күнi ғалымдар бiр ғана пластик бөтелкенiң ыдырауына жүздеген жылдар керек екенiн дәлелдедi. Өзiмiзден кейiнгi ұрпақтарымызға бар болғаны зор қоқысты мирас ету қаупiнен құтылу үшiн, тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жаратуға тап қазiр көшу керек.

Қоршаған ортаның тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануы экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкiн, қоқыстың қордалануы себебiнен жануарлардың көптеген түрлерiнiң популяциясына жоғалып кету қаупi төнiп тұр.

Бүгiнгi күнi бәрiмiз үшiн көзқарасымызды өзгертуiмiздiң маңызы зор, орасан зор жер учаскелерiн бөлiп, өз басымыз бен қоршаған ортаны улап, полигондарда қалдықтарды қаттап-қабаттап жинаудың көнерген жүйесiнен қол үзiп, туған өлке тазалығын сақтаудың қаншалықты маңызды екенiн ұғыну қажет. Полигонға келiп түсетiн қалдық көлемiн қысқартып, олардың едәуiр бөлiгiн елiмiздiң табиғат және энергетикалық ресурстарын үнемдей отырып қайта өңдеу керек.

Бүгiнгi күнi қалдықты кемiтуге қол жеткiзудiң таңдаулы тәсiлдерiнiң бiрi оны өңдеу болып табылады, жалпы көлемiнен пайдалы қосымша шикiзат алу. Бұған бiз қоқысты қайталама шикiзат түрлерiне бөлiп қол жеткiзе аламыз.

Өнiм қоқыс себетiнде басқа өнiмдермен араласқанда қоқысқа айналады. Бос бөтелкелерге ғана толы вагон шын мәнiнде қоқыс емес, коммерциялық өнiм — өнеркәсiп шикiзаты. Осылайша бөлек жиналған тұрмыстық қатты қалдықтар қоқыс емес, қайталама шикiзат.

Қоғамға ықпал жасаудың маңызды арнасы балаларға жалпы бiлiм беретiн мекемелер, ол жерлерде ТҚҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылып, экологиялық акциялар өткiзiледi. Мекемелермен электронды және электр жабдықтар мен құрамында сынабы бар шамдарды кәдеге жаратуға шарттар жасалады.

Көшеде және қоғамдық орындарда қоқыспен жұмыс iстеудiң қарапайым қағидаларын сақтай отырып, өз қоқысымызды пайдалы мен пайдасызға бөле отырып, бiз бiрiгiп туған өлкемiздi кiнәратсыз ете аламыз.

Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiнде

Бiздiң қаламызда қайталама шикiзат қабылдайтын 3 пункт бар, Петропавл қаласының контейнер алаңдарында, сондай-ақ кәсiпорындарда, мекемелерде және қала ұйымдарында қазiргi сәтте 500 контейнер орнатылған. 2018 жыл басында олардың саны 350-ге жеттi, бұл халықты ТҚҚ бөлек жинаумен қамтудағы беталыстың көрсеткiшi.

2018 жылы сауда орындарының жанында, жанармай құю станцияларында тұтынушылық қасиетiнен айырылған электр және электрондық жабдықты жинауға арналған 14 контейнер орнатылды және 2019 жылғы қаңтарда осындай 40 контейнер тұрғын үйлердiң аулаларындағы контейнер алаңдарында, сондай-ақ сауда орталықтары мен үйлер, кафелер, дүкендер және т.б. маңында орнатылды. Оқу орындарында 8 жинақтауыш контейнер мен 800 макулатураға арналған экобокс орнатылды.

Петропавл қаласында 2018 жылы құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдарды жинау үшiн 30 арнайы контейнер орнатылды, 49-ы облыс аудандарына жөнелтiлдi.

Қалдықтарды өңдеуде оң беталыс байқалды, қайталама шикiзатқа сұраныс артып келедi.

«Радуга» ЖШС 2018 жылғы желтоқсан айында халық тұтынатын сұранысқа ие тауарларды шығара отырып, қайталама полимерлердi өңдеу қуатын арттырды.

«Петропак» ЖШС қайталама полимерлердi өңдейдi, «LS Petropavlovsk» ЖШС аумағында қазiргi таңда ПЭТ құтыларды шикiзат етiп өңдейтiн желiнi iске қосу жұмысы жүргiзiлiп жатыр.

Аудан әкiмдiктерi қоршаған ортаға жүктеменi азайту мақсатында 2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса жақын орналасқан елдi мекендер мен халқының саны аз перспективасыз ауылдардағы ТҚҚ орналастыру объектiлерiн (қоқыс үйiндiлерiн) оңтайландыру жұмысын жүргiздi. Барлығы 120 объект оңтайландырылды, 2016 жылы — 89, 2017 — 18, 2018 — 13. Қоқыс үйiндiлерiн оңтайландыру және жабу шешiмi елдi мекендер азаматтарының жиындарында қабылданды. 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс есебiнде 460 ТҚҚ орналастыру объектiсi бар.

СҚО қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттық бюллетені, 2014 жыл

СҚО қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттық бюллетені, 2014 жыл

Көшіру ZIP 77,7 Mb

СҚО қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттық бюллетені, 2012 жыл

Көшіру ZIP 803 Mb

СҚО қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттық бюллетені, 2011 жыл

Көшіру ZIP 12 Mb

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2018 12:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.03.2020 13:45

Басқармасы басшысы
Бос орын

Подать резюме

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

A- A A+