«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі

Облыстың су ресурстары

Солтүстік Қазақстан облысының өзендер желісі нашар дамыған. Сумен жабдықтаудың негізгі көзі — Есіл өзені.

Есіл өзені — облыстың ең ірі су тамыры, оны оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтеді. Есіл Нияз тауларында теңіз деңгейінен 560 м биіктікте бастау алады және Ертіс өзеніне құйылады. Өзеннің ұзындығы 2450 км, су жинау алабының ауданы 177 мың км2. Облыс шегінде ұзындығы 690 км өзен учаскесі орналасқан. Өзен арнасы бұралаң, ені 40-тан 200 м дейін. Түбі көбінесе құмды. Қайраңдардағы тереңдігі – 0,1-0,3 м, иірімінде – 8-10 м дейін. Аңғарының орташа ені 4-тен 22 км дейін. Жайылмасы кең, көлдерінің саны мол. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Есілге Аққанбұрлық, Иманбұрлық өзендері, сондай-ақ бірнеше уақытша ағын сулар: Шудасай, Бағанаты және т.б. құйылады. Есілді минералдау маусымға байланысты 0,3-тен 0,7 г/л дейін өзгеріп тұрады.

Облыс шегінде өзен арнасы Сергеевка және Петропавл бөгендерімен реттелген.

Сергеевка бөгені 1968 жылы пайдалануға берілді. Ұзындығы 100 км, ең үлкен ені 7 км, ең үлкен тереңдігі 20 м, қалыпты тіреу деңгейі (ҚТД) кезінде су бетінің ауданы 117 км2 құрайды, көлемі 693 млн м3. Бөгеттің құрылымында тасқын суларын оның қырынан транзитпен өткізу мүмкіндігі ескерілген. Өзен сарқындыларын пайдалану сипаты бойынша бөгеннің бір жылдық деңгейді реттеуі бар. Тасқын кезінде шұғыл көтерілу байқалады, жекелеген жылдары бөгет қырының үстіндегі су қабаты 2-2,5 м дейін жетеді.

Петропавл бөгені Есіл өзенінде, іс жүзінде қаланың шегінде құрылған. Бөген арналы типті, су бетінің ауданы 9,7 км2 құрайды, орташа тереңдігі 4-5 м, көлемі 19,2 млн. м3. Негізгі міндеті Петропавл қаласын шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен жабдықтау, ЖЭО-2 сумен сенімдірек қамсыздандыру және Есілге іргелес Түмен облысы аудандарының мұқтаждығын қанағаттандыру үшін кепілді су беру болып табылады.

Өзендегі және бөгендердегі судың сапалық көрсеткіштері бірдей, судың сапасын бақылау белгіленген тұстамалар бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Соңғы жылдары өзеннің ұзына бойына суда мыстың (15 ШРК) және темірдің (5-6 ШРК) жоғары шоғырлануы белгіленген, бұл көрші Ақмола облысынан трансшекаралық тасымалмен байланысты. Айқындалатын басқа да көптеген ингредиенттердің шоғырлануы ШРК-ға сәйкес.

  • 2019 жылға «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл өзені мен Сергеев су қоймасындағы ластаушы заттардың орташа жылдық шоғырлануы

    р/с
     
    Іріктеу орны Көрсеткіш Орташа жылдық шоғырлануы, мг/дм3 ШРЕШ асу еселігі
    2019 жыл
    1. Есіл ө. — Сергеевка қ. Мыс 0,0023 2,3
    Мырыш 0,0090 0,90
    Фторидтер 0,32 0,43
    СББЗ 0,008 -
    Хром (VI) 0,007 0,35
    Жалпы фосфор 0,048 -
    Фенолдар 0,0016 1,60
    Мұнай өнімдері 0,027 0,54
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0004 0,004
    Никель 0,0038 0,38
    2. Есіл ө. — Покровка а. Мыс 0,0027 2,70
    Мырыш 0,0098 0,98
    Фторидтер 0,28 0,37
    СББЗ 0,007 -
    Хром (VI) 0,005 0,25
    Жалпы фосфор 0,046 -
    Фенолдар 0,0017 1,70
    Мұнай өнімдері 0,035 0,70
    Кадмий 0,0002 0,04
    Қорғасын 0,0005 0,005
    Никель 0,0044 0,44
    3. Есіл ө. — Петропавл қ., 0,2 км қаладан жоғары Мыс 0,0015 1,50
    Мырыш 0,0091 0,91
    Фторидтер 0,27 0,36
    СББЗ 0,008 -
    Хром (VI) 0,005 0,25
    Жалпы фосфор 0,036 -
    Фенолдар 0,0017 1,70
    Мұнай өнімдері 0,037 0,74
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0003 0,003
    Никель 0,0031 0,31
    4. Есіл ө. — Петропавл қ., 4,8 км қаладан төмен Мыс 0,0015 1,50
    Мырыш 0,0087 0,87
    Фторидтер 0,28 0,37
    СББЗ 0,007 -
    Хром (VI) 0,005 0,25
    Жалпы фосфор 0,036 -
    Фенолдар 0,0017 1,70
    Мұнай өнімдері 0,039 0,78
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0003 0,003
    Никель 0,0031 0,31
    5. Есіл ө. — Долматов а. Мыс 0,0027 2,70
    Мырыш 0,0070 0,70
    Фторидтер 0,27 0,36
    СББЗ 0,014 -
    Хром (VI) 0,006 0,30
    Жалпы фосфор 0,022 -
    Фенолдар 0,0014 1,40
    Мұнай өнімдері 0,041 0,82
    Кадмий 0,0002 0,04
    Қорғасын 0,0003 0,003
    Никель 0,0037 0,37
    6. Сергеевка су қоймасы — Сергеевка қ. Мыс 0,0020 2,00
    Мырыш 0,0058 0,58
    Фторидтер 0,29 0,39
    СББЗ 0,009 -
    Хром (VI) 0,007 0,35
    Жалпы фосфор 0,049 -
    Фенолдар 0,0017 1,70
    Мұнай өнімдері 0,029 0,58
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0003 0,003
    Никель 0,0034 0,34
  • 2018 жылғы Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзеннің жармалары мен Сергеевка су қоймасындағы ластаушы заттардың жылдық орта шоғырлануы


    р/н
    Алу орны Қосынды Жылдық орта шоғырлануы, мг/дм3 ШЖШ асу еселiгi
    2018 ж.
    1. Есіл өз. — Сергеевка қ. Мыс 0,0027 2,70
    Мырыш 0,045 0,45
    Фторидтер 0,31 0,41
    СБАЗ 0,034  
    Хром (VI) 0,006 0,30
    Жалпы фосфор 0,52  
    Фенолдар 0,0009  
    Мұнай өнімдері 0,036 0,72
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,006 0,06
    Никель 0,003 0,30
    2 Есіл өз. — Покровка а. Мыс 0,0023 2,30
    Мырыш 0,0049 0,49
    Фторидтер 0,23 0,31
    СБАЗ 0,02  
    Хром (VI) 0,008 0,40
    Жалпы фосфор 0,06  
    Фенолдар 0,0008 0,80
    Мұнай өнімдері 0,028 0,56
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0006 0,01
    Никель 0,0024  
    3 Есіл өз. — Петропавл қ., 0,2 км қаладан жоғары Мыс 0,0016 1,60
    Мырыш 0,0052 0,52
    Фторидтер 0,29 0,39
    СБАЗ 0,04  
    Хром (VI) 0,005 0,25
    Жалпы фосфор 0,043  
    Фенолдар 0,001 1,00
    Мұнай өнімдері 0,035 0,70
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0004 0,00
    Никель 0,0031 0,31
    4 Есіл өз. — Петропавл қ., 4,8 км қаладан төмен Мыс 0,0015 1,50
    Мырыш 0,0045 0,45
    Фторидтер 0,27 0,36
    СБАЗ 0,036  
    Хром (VI) 0,007 0,35
    Жалпы фосфор 0,042  
    Фенолдар 0,0009 0,90
    Мұнай өнімдері 0,033 0,66
    Кадмий 0,0002 0,04
    Қорғасын 0,0003 0,00
    Никель 0,0028 0,28
    5 Есіл өз. — Долматово а. Мыс 0,0026 2,60
    Мырыш 0,0054 0,54
    Фторидтер 0,28 0,37
    СБАЗ 0,049  
    Хром (VI) 0,009 0,45
    Жалпы фосфор 0,074  
    Фенолдар 0,0009 0,90
    Мұнай өнімдері 0,042 0,84
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0006 0,01
    Никель 0,0029 0,29
    6 Сергеевское су қоймасы — Сергеевка қ. Мыс 0,0025 2,50
    Мырыш 0,0043 0,43
    Фторидтер 0,31 0,41
    СБАЗ 0,034  
    Хром (VI) 0,007 0,35
    Жалпы фосфор 0,051  
    Фенолдар 0,0014 1,40
    Мұнай өнімдері 0,03 0,60
    Кадмий 0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0005 0,01
    Никель 0,0026 0,26
  • 2017 жылғы Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзеннің жармалары мен Сергеевка су қоймасындағы ластаушы заттардың жылдық орта шоғырлануы

    № р/н Алу орны  Қосынды Жылдық орта шоғырлануы, мг/дм3 ШЖШ асу еселiгi
    2017 ж.
    1.  Есіл өз. — Сергеевка қ. Мыс 0,0022 2,20
    Мырыш 0,0033 0,33
    Фторидтер  0,41 0,55
    СБАЗ 0,014  
    Хром (VI)  0,006 0,30
    Жалпы фосфор  0,018  
    Фенолдар  0,0002 0,20
    Мұнай өнімдері  0,041 0,82
    Кадмий  0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0008 0,008
    Никель  0,0031 0,31
    2.  Есіл өз. — Покровка а. Мыс 0,0033 3,30
    Мырыш 0,0047 0,47
    Фторидтер  0,33 0,44
    СБАЗ 0,012  
    Хром (VI)  0,005 0,25
    Жалпы фосфор  0,017  
    Фенолдар  0,0001 0,10
    Мұнай өнімдері  0,027 0,54
    Кадмий  0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0004 0,004
    Никель  0,0024 0,24
    3.  Есіл өз. — Петропавл қ., 0,2 км қаладан жоғары Мыс 0,0020 2,00
    Мырыш 0,0029 0,29
    Фторидтер  0,32 0,43
    СБАЗ 0,013  
    Хром (VI)  0,007 0,35
    Жалпы фосфор  0,024  
    Фенолдар  0,0002 0,20
    Мұнай өнімдері  0,035 0,70
    Кадмий  0,0005 0,10
    Қорғасын 0,0003 0,003
    Никель  0,0020 0,20
    4.  Есіл өз. — Петропавл қ., 4,8 км қаладан төмен Мыс 0,0023 2,30
    Мырыш 0,0057 0,57
    Фторидтер  0,30 0,40
    СБАЗ 0,015  
    Хром (VI)  0,005 0,25
    Жалпы фосфор  0,02  
    Фенолдар  0,0002 0,20
    Мұнай өнімдері  0,03 0,60
    Кадмий  0,0002 0,04
    Қорғасын 0,0004 0,004
    Никель  0,0020 0,20
    5.  Есіл өз. — Долматово а. Мыс 0,0033 3,30
    Мырыш 0,0036 0,36
    Фторидтер  0,33 0,44
    СБАЗ 0,015  
    Хром (VI)  0,005 0,25
    Жалпы фосфор  0,024  
    Фенолдар  0,0003 0,30
    Мұнай өнімдері  0,037 0,74
    Кадмий  0,0003 0,06
    Қорғасын 0,0005 0,005
    Никель  0,0032 0,32
    6. Сергеевское су қоймасы — Сергеевка қ. Мыс 0,0025 2,50
    Мырыш 0,0037 0,37
    Фторидтер  0,37 0,49
    СБАЗ 0,014  
    Хром (VI)  0,006 0,30
    Жалпы фосфор  0,02  
    Фенолдар  0,0002 0,20
    Мұнай өнімдері  0,033 0,66
    Кадмий  0,0001 0,02
    Қорғасын 0,0004 0,004
    Никель  0,0039 0,39
  • «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзені тұстамалары мен Сергеевка су қоймасында 2016 жылы ластаушы заттардың орташа жылдық шоғырлануы

    Р/с № Алынған жері Көрсеткіші Орташа жылдық шоғырлануы мг/дм3 ШЖШ артуының еселігі
    1.  Есіл өзені — Сергеевка қаласы Мыс 0,0046 4,60
    Мырыш 0,0053 0,53
    Фторидтер 0,32 0,43
    СҮБЗ  0,042 ЖШЖ — жоқ
    Хром (VI)  0,007 0,35
    Жалпы фосфор  0,040 0
    Фенолдар  0,0004 0,40
    Мұнай өнімдері  0,029 0,58
    Кадмий  0,0004 0,08
    Қорғасын  0,0033 0,03
    Никель  0,0049 0,49
    2. Есіл өзені — Покровка кенті Мыс  0,0049 4,90
    Мырыш  0,0053 0,53
    Фторидтер 0,34 0,45
    СҮБЗ  0,047 ЖШЖ — жоқ
    Хром (VI)  0,008 0,40
    Жалпы фосфор  0,030 ЖШЖ — жоқ
    Фенолдар  0,0 ЖШЖ — жоқ
    Мұнай өнімдері  0,022 0,44
    Кадмий  0,0005 0,10
    Қорғасын  0,0019 0,02
    Никель  0,0055 0,55
    3. Есіл өзені — Петропавл қаласы, қаладан 0,2 км жоғары Мыс  0,0020 2,00
    Мырыш  0,0052 0,52
    Фторидтер 0,28 0,37
    СҮБЗ  0,044 ЖШЖ — жоқ
    Хром (VI)  0,007 0,35
    Жалпы фосфор  0,030 ЖШЖ — жоқ
    Фенолдар  0,0004 0,40
    Мұнай өнімдері  0,026 0,52
    Кадмий  0,0003 0,06
    Қорғасын  0,0011 0,01
    Никель  0,0027 0,27
    4. Есіл өзені — Петропавл қаласы, қаладан 4,8 км төменде Мыс  0,0018 1,80
    Мырыш  0,0060 0,60
    Фторидтер 0,32 0,43
    СҮБЗ  0,046 ЖШЖ — жоқ
    Хром (VI)  0,007 0,35
    Жалпы фосфор  0,028 ЖШЖ — жоқ
    Фенолдар  0,0005 0,50
    Мұнай өнімдері  0,022 0,44
    Кадмий  0,0003 0,06
    Қорғасын  0,0015 0,02
    Никель  0,0030 0,30
    5. Есіл өзені — Долматово ауылы Мыс  0,0031 3,10
    Мырыш  0,0068 0,68
    Фторидтер  0,32 0,43
    СҮБЗ  0,050 ЖШЖ — жоқ
    Хром (VI)  0,007 0,35
    Жалпы фосфор  0,038 ЖШЖ — жоқ
    Фенолдар  0,0007 0,70
    Мұнай өнімдері  0,029 0,58
    Кадмий  0,0004 0,08
    Қорғасын  0,0029 0,03
    Никель  0,0054 0,54
    6. Сергеевка су қоймасы — Сергеевка қаласы Мыс  0,0039 3,90
    Мырыш  0,0048 0,48
    Фторидтер  0,34 0,45
    СҮБЗ  0,039 ЖШЖ — жоқ
    Хром (VI)  0,006 0,30
    Жалпы фосфор  0,043 ЖШЖ — жоқ
    Фенолдар  0,0002 0,20
    Мұнай өнімдері  0,026 0,52
    Кадмий  0,0004 0,02
    Қорғасын  0,0031 0,03
    Никель  0,0042 0,42

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қазіргі таңда шамамен 2390 су айдыны бар, соның ішінде 2148 көл бар, оның ішінде аумағы 100 га астам — 459 көл, аумағы 50-ден 100 га дейін — 507, аумағы 30-дан 50 га дейін — 469 көл, шағын көлдер — 713, батпақ — 94, басқа су айдындары — 95, сондай-ақ 58 өзен.

Солтүстiк Қазақстан облысының көлдерi 3 топқа бөлiнедi: жайылмалық, жазықтық және таулы типтi көлдер

Жайылмалық көлдер

Жайылмалық көлдердiң, әдетте, енi үлкен болмайды және таға пiшiндi болып келедi. Тереңдiгi 8–10 м дейiн, суы әрқашанда тұщы. Жайылмалық көлдер Есiл өзенiнiң көктемгi жайылуынан және жарым-жартылай жер астындағы сулардан қоректенедi. Бұдан бөлек, жайылмасында әдетте шабындық және бұталар болады, бұл қыста ылғал жиналуына мүмкiндiк туғызады. Жайылмалық көлдердiң гидрохимиялық көрсеткiштерiнiң көбi Есiл өзенiнiң сапалық көрсеткiштерiмен үйлеседi, бiрақ бұл су айдындары түптiк тұнбалық шөгiндiлердiң көлемi айтарлықтай болғандықтан эвтрофия процесiне ұшырайды. Сондықтан қысқы кезеңде жайылмалық көлдерде суда ерiген оттегi мөлшерi кемидi, қышқылдану және тұзды аммонийдiң көрсеткiштерi артады.

Жазықтық көлдер

Жазықтық көлдердiң өзiндiк сипаты олардың қазаншұңқырының қоршаған төңiрегiне әлсiз кiрiгуi болып табылады. Жағалары әдетте төмен, жатық, жекелеген жерлерде аласа жарқабақпен, 3 м дейiн, сирек 5 м дейiн. Түбi өте тегiс, тұнбалы. Жазықтық типтi көлдердiң ең үлкен тереңдiгi 5 м аспайды, көлдердiң көпшiлiгi үшiн тереңдiктiң орташа мағынасы 1,5–2,5 м құрайды. Ауданы 50–500 га көлдер басым. Көптеген жазықтық көлдер атмосфералық шөгiндiлермен қоректенедi, сондықтан олардың деңгейi климаттық жағдайлардың өзгеруiне байланысты тiптi толық суалғанға дейiн едәуiр ауытқуларға ұшырайды.

Жазықтық көлдердiң минералдау көлемi өте кең: жиегiнде әдетте елдi мекендер орналасатын тұщы көлдерден, ащы және өзiтұндырғыш көлдерге дейiн.

Жазықтық көлдердiң құбылмалы гидрологиялық режимi оларды сумен жабдықтау көзi ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Әйтсе де жоғары биоөнiмдiлiгi бiршама iрi су айдындарында балық кәсiпшiлiгiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Төменде ең әдеттегi жазықтық көлдердiң сипаттамалары келтiрiлдi.

Үлкен Тараңғұл, Корнеевка ауылынан 0,5 км солтүстiк-батысқа қарай орналасқан. Су бетiнiң ауданы 3609 га. Суы тұщы, минералдауы — 500 мг/л, судың құрамы: гидрокарбонатты. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,2, суы таза.

Таранкөл (Кiшi Тараңғұл), Новопокровка с. 0,5 км шығысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 2566 га. Суы тұздылау, минералдауы — 2600 мг/л, судың құрамы: хлоридтi -натрийлi . Судың ластану индексi (СЛИ ) — 1,1, суы таза.

Лебяжье , Вагулино с. 1,5 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 523 га. Суы тұщы, минералдауы — 800 мг/л, судың құрамы: хлоридтi-натрийлi. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,2, суы таза.

Кiндiктi , Петровка с. 6 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 189 га. Суы тұщы, минералдауы — 800 мг/л. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,0, суы таза.

Пестрое, Петропавл қаласының шегiнде орналасқан. Су бетiнiң ауданы 137 га . Суы тұщы, минералдауы — 1000 мг/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1,2, суы таза.

Таулы типтi көлдер

Таулы типтi көлдер Қазақ шағын шоқысының солтүстiк шетiнде орналасқан. Жағаларының кескiнi мен пiшiнi әркелкi; әдетте бiр жағынан жағасы құламалы, биiк, арагiдiк қарағайлы немесе қайыңды орманмен таулы жыныстардың шығуымен, басқа жағынан — бұйрат-жазықтық дала өсiмдiктерiмен. Көлдер iрi, ауданы 4,0–4,5 мың га дейiн және тереңдiктерi 25-30 м дейiн. Көлдердiң көпшiлiгiнiң түбiнiң бедерi күрделi, тереңдiгi шұғыл өседi, әсiресе шоқылар жағасына етене жақын орналасқан жерлерде. Таулы типтi көлдердiң айқын сипатының бiрi жағалау жиегiнiң қиылуы болып табылады. Олардың жағасында өте кiшкентай айлақтар мен шығанақтар жиi кездеседi. Жағалары қиыршықтығы әртүрлi құм, қиыршық тас, жеке қойтастардан құралған. Көптеген көлдер рекреациялық мақсатта пайдаланылады.

Байсары, Лобаново с. 5 км оңтүстiкке қарай. Су бетiнiң ауданы 409 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi-сульфатты сыныпты тұздылығы аз су айдындарына жатады. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Шалқар, Айыртау а. 2 км солтүстiк-батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 3421 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi сыныпты тұзды су айдындарына жатады, минералдауы — 4,71 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Имантау , Имантау а. батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 4890 га. Суы тұщы, минералдауы — 0,78 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Белое , Заря с. 0,5 км солтүстiк-шығысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 1698 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi сыныпты өте тұзды су айдындарына жатады, минералдауы — 10,92 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Лобаново , Лобаново с. батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 423 га. Суы тұщы, минералдауы — 0,95 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Жақсы-Жалғызтау (Жақсы-Жаңғыстау), Жақсы-Жалғызтау с. 0,5 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 4274 га. Ағынды көл: Қарасу өзенi құйылады, Аққанбұрлық өзенi ағып шығады. Суы тұщы, минералдауы — 0,52 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.

Су қорғау аймақтарының жағдайы

Су қорғау аймақтары қазiргi уақытта қанағаттанарлық жағдайда, себебi бұрында су айдындарының жағалауларының бойында орналасқан iрi мал шаруашылықтары жойылды, жер айдау ауданы кемiдi. Алайда кейбiр су айдындарына органикалық ластану түрiндегi антропогендiк әсер ету байқалады. Органиканың шайылуы жiтi рекреациялық пайдаланылатын су айдындарының жағалаулары бойында орналасқан елдi мекендерден болып тұр.

Барлығы облыс аумағында 76 су объектісі жобаланған, соның ішінде Есіл өзені мен оның тармақтары Ақанбұрлық пен Иманбұрлық өзендері, Шарық су қоймасы мен 72 көл (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысы / Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 5 сәуiрдегi № 134 қаулысы). Солтүстiк Қазақстан облысындағы су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерiн шаруашылық пайдалану режимi белгiлендi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 376 қаулысы (ZIP 18 Kb).

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2018 10:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.02.2020 09:52

Басқармасы басшысы
Бос орын

Подать резюме

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

A- A A+