«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімі
  1. Балық өсіретін шаруашылықтар мен балық питомниктерін мемлекеттік қолдау (ZIP 32 Kb)
  2. 2019 жылдың 10 айы бойынша жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімі бойынша ақпарат (ZIP 12 Kb)
  3. Солтүстiк Қазақстан облысының бекiтiлген балық шаруашылығы су тоғандары (ZIP 26 Kb)
  4. Солтүстiк Қазақстан облысының балық шаруашылығы су тоғандарының резервтiк қоры (ZIP 24 Kb)
  5. Солтүстiк Қазақстан облысының бекiтiлген аңшылық алқаптары (ZIP 9 Kb)
  6. Солтүстiк Қазақстан облысының аңшылық алқаптарының резервтiк қоры (ZIP 17 Kb)
  7. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 66 Kb)
  8. «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 36 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысының аңшылық шаруашылықтары Zip (18 Mb)

Жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсаттар санының салыстырмалы кестесi

Айы Берілген рұқсаттар саны    
2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл
Қаңтар - 6 4 9 4
Ақпан - 3 - 27 73
Наурыз - 93 28 144 105
Сәуір - 1807 166 46 81
Мамыр 1448 25 39  33 53
Маусым 20 48 142  93 14
Шілде 46 1788 265 197 479
Тамыз 147 9762 195 509 399
Қыркүйек 423 4849 367  142 193
Қазан 848 3012 106  487 259
Қараша 30 1418  10 120 161
Желтоқсан 8 4  23 4 28
Жиыны: 2970 22815 1345 1821 1519

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарының мәліметтері бойынша Солтүстік Қазақстан облысында кемінде 378 омыртқалы жануарлар мекен етеді, оның ішінде сүтқоректілердің 57 түрі, құстардың – 283 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі, қосмекенділер – 6 түрі, балықтың – 30 шақты түрі бар. Барлық түрлер бірлесіп табиғи ортаның тұрақтылығын ұстауда атқарымдық-биоценотикалық рөл атқаратыны белгілі.

Солтүстік Қазақстан облысында омыртқасыз жануарлар арасында барынша жоғары әртүрлілігімен жәндіктер ерекшеленеді.

СҚО өзендері мен көлдері зоопланктонында су экожүйесінде жетекші рөл атқаратын барынша әртүрлі үш топ ерекшеленеді – шаян тәріздес ескекаяқтылар, коловраткалар, тармақаяқтылар, сонымен қатар бентос өкілдері (сүлік, моллюскалар, су кенелері, қоңыздар, шыбын құрттары және басқа да жәндіктер, жылғалылар және шаян тәрізділер).

Амфибия түрлерінен сұр және жасыл құрбақа, сібір бақасы және басқалары бар. Жорғалаушылардан сергек және тірідей туатын кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, кәдімгі және далалық улы сұр жылан мекен етеді.

Құстар фаунасы облыстағы омыртқалы жануарлар арасында барынша әртүрлілігімен ерекшеленеді және 20 қатарды қамтиды. Олардың арасында санының ең көбі – 100 шақты түрді қамтитын торғай тәрізділер (облыстағы барлық құстың 1/3). Олардың арасында ең көп таралғандары үй торғайы, таған, сұр қарға, барылдақ торғай және басқалары. Ржанка тәріздестердің 40 шақты түрі есептеледі. Маңызды шаруашылық және биоценотикалық мәнге ұя салатын және көктемгі-күзгі көші-қон кезінде ұшып өтетін 26 түрді қамтитын қаз тәріздестер. Оның өкілдері арасында 5 қаз түрі, 18 өзен, сүңгуір және жер үйректері және крохальдың 3 түрі бар. Ұя салатындар ішінен сұр қаз, кряква, сұр үйрек, 2 шүрегей түрі, қызыл басты және шашақты қарала үйрек және тағы басқалары санымен көзге түседі. Барлық көрсетілген түрлер әуесқой, аңшылықтың нысаны болып табылады. Биоәртүрлілікті сақтап қалу тұрғысынан қызығушылық туғызатын басқа құстар қатарынан 20 шақты саналатын күндізгі жыртқыш құстарды атап өту керек, олардан 5-уі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.

Сүтқоректілер фаунасы 6 қатармен көрсетілген: жәндікпен қоректенушілер, қолқанаттылар, қоянтәрізділер, кеміргіштер, жыртқыштар және қостұяқтылар. Кеміргіштер қатары таралу бойынша ең көп санды және әртүрлі болып табылады – 12-ден астам түрі бар, олардың арасында орман фаунасының өкілдерімен қатар, мысалы кәдімгі тиын және орман тышқаны, дала фаунасы – суыр-байбақ, қызыл сары және қызыл бетті саршұнақ және тағы басқалары бар. Суды мекендейтіндер арасында ондатр және су сұртышқаны кездеседі. Синантропты түрлер-де бар – үй тышқаны мен сұр егеуқұйрықтар.

Облыс аумағында қоянтәріздестер арасынан, ақ қоян және ор қоян мекен етеді.

Жыртқыштар қатарында 12 жануар есептеледі, олардан түлкі, қарсақ, дала күзені және сарыкүзен, борсық барынша көп таралған. Бұл қатардың барлық өкілдері, орман сусары, құндыз бен қара күзенді қоспағанда, аңшылық нысаны болып табылады.

Басқа қатар құрамында саналатындар: жәндікпен қоректенушілер – 7 түр, жұптұяқтылар – 4 түр, қоянтәріздестер – 2 түр және қолқанаттылардың 1 түрі. Бұл қатарлардан ең аз зерттелгені қолқанаттылар өкілдері болып табылады. Олармен кездесу облысымызда үнемі тіркелуде, дегенмен СҚО үшін нақты қай түрі тән екенін тап басып айту мүмкін емес. Жәндікпен қоректенушілермен-де ұқсас жайт, олардың да кейбір түрлері туралы, ақпарат жоқтың қасы.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы, аңшылық жануарларының негізгі түрлері

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мекендейтін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2018 10:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 14:51

Басқармасы басшысы
Ескендiров Марат Мәкенұлы

Подать резюме

Ақпан 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

A- A A+