«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сіз білесіз бе

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі

Сұрақ: Сүрек дайындау үшінорман ресурстары қалай табысталады?

Жауап: Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға 10 жылдан бастап 49 жылға дейінгі мерзімге, орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты және өндірістік қуаты және тиісті біліктілігі бар мамандары бар заңды және жеке тұлғаларға ашық тендерлер өткізу жолымен беріледі.

* * * * *

Сұрақ : Тендерге кім қатыса алады?

Жауап: Тендерге лицензиясы баржеке және заңды тұлғалардың қатысу құқы бар. Сүрек дайындау бойынша әрекет лицензияланатын болып табылады. Сүрек дайындауға лицензияны Астана қаласындағы Орман және аңшылық шаруашылық комитеті береді.

* * * * *

Сұрақ: Жалға алушылар тек қана сүрек дайындаумен айналысады ма?

Жауап: Жоқ, ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптары бойынша әр жалға алушы 1 гектар кессең – 2 отырғыздың қағидасымен ағаш отырғызуды жүргізуге міндетті.

* * * * *

Сұрақ: Мемлекеттік орман қорының аумағы қандай?

Жауап: Мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы алаңы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 547 мың 488 гектарды құрайды, соның ішінде орманды жерлер 427 мың 840 гектар. Облыс аумағының орманды өңірі 5,5% құрайды.

Ормандар бір қалыпты емес орналасқан қайың-көктерек және қарағай-аралдық екпе ағаштардан тұрады.

Облыстың бір тұрғынына шаққандағы ағашпен қамсыздандыру келесіні құрайды:

– орман алаңы – 0,97 гектар, орманды жерлер – 0,78 гектар, екпе ағаштардың жалпы қоры – 51,4 текше метр, соның ішінде толысқаны және көнергені – 16,0 текше метр.

* * * * *

Сұрақ: Біздің өңірде өрт қаупі мол кезең, бүгінгі күнгі жағдай қандай?

Жауап: 30.06.2011 жылғы жағдай бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2 гектар алаңда 1 орман өртінің жағдайы Қызылжар мемлекеттік орман мекемесінің аумағында тіркелді (Петропавл қаласының түбіндегі, Жұмысшы кентінің маңындағы орман саяжайы).

2011 жылғы өрт қаупі мол кезең басталғалы бері басқарманың қарауындағы 12 мемлекеттік орман мекемесімен мемлекеттік орман қорының учаскелеріне шектес аумақтарда пайда болған және орман екпе ағаштарына қауіп төндіретін 47 жануды сөндіру ұйымдастырылды. Жанулардың ең көп саны келесі аудандарда тіркелді: Мамлют – 14, Қызылжар – 13, Мағжан Жұмабаев – 5, Аққайың – 4.

* * * * *

Сұрақ: Биылғы көктемде жауын-шашын өткен жылғыдан недәуір көп жауды. Осының бүгінгі жағдайға қандай да бір әсері бар ма?

Жауап: Бұл облыс ормандарындағы өрт қаупін айтарлықтай азайтты және өрттердің саны мен аумағын минимумға дейін кемітуге мүмкіндік берді. 2010 жылдың 932 гектар алаңда 44 орман өрті орын алған ұқсас кезеңімен салыстырғанда, бізде 2011 жылы 1 ғана өрт орын алды.

* * * * *

Сұрақ: Облыс көлемінде орман пайдаланушылардың саны қанша?

Жауап: Облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 2011 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 52 орман пайдаланушы өз қызметін жүзеге асырып жатыр, олардың ішінде – 22-сі сүрек дайындау бойынша қызметті жүзеге асырады және 30-ы орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалануды жүзеге асырады.

* * * * *

Сұрақ: Орман өрттерінің алдын алу бойынша қазіргі уақытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Жауап: Мемлекеттік орман мекемелерімен өртке қарсы кешенді алдын алу шаралары жүргізіледі:

  • 3 мың 100 километр бойында минералдырылған алқаптар орнатылды (жылдық жоспардың 280%);
  • 7 мың километрге созылған минералдырылған алқаптарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді (жылдық жоспардың 30%).

Өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі – табиғатты қорғау тақырыбына 1164 аншлаг орнатылды, 3 мың үнпарақ таратылды, 520 лекция мен әңгімелесулер жүргізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 27 мақала жарияланды, МТРК телеарнасында 3 бейнебаян трансляцияланады.

Облыстың мемлекеттік орман күзеті күшімен жану ошақтарын дер кезінде байқау және сөндіру мақсатында күн сайын жер бетінде патруль жүргізіледі.

* * * * *

Сұрақ: Өрттердің негізгі шығу себептерін атап өтсеңіз? Біздің облыс аумағында от қайдан шығуы мүмкін?

Жауап: Орман өрттерінің басты себебі – ол адам. Талдау өрттердің негізгі себептерін көрсетті:

  • ауыл шаруашылығы өртеулері, егістіктердің 4 метрлік жалының болмауы, батпақтарды, шабындық алқаптары мен жайылымдардарды өртеу – 62%;
  • республикалық және облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының бойында минералдандырылған алқаптарға күтімнің жоқтығы – 5%;
  • ҚР ормандарында өрт қауіпсіздігі ережесінің адам кінәсінен бұзылуы – 33%.

Өрт қауіптілігінің жоғары сыныбы кезінде ол кез келген от көзінен пайда болады және едәуір аймаққа таралады.

* * * * *

Сұрақ: Өрт болған жағдайда жалынды сөндіретін техника жеткілікті ме?

Жауап: Орман өрттерін сөндіру үшін мемлекеттік орман мекемелерінде 15 өртке-химиялық станциялар, 19 өрт сөндіргіш автомашиналар, 80 тіркеуіш құралдарымен өрт сөндіргіш трактор, 28 өртке қарсы мотопомпалар, өртке қарсы құралдар – саны 408 дана аспалы су бүріккіштер және 5 мың алғашқы өрт сөндіру құралдары, саны 484 бірлік радиобайланыс құралдары дайындыққа келтірілді.

Бұл мәселені шешуге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С.Біләловтың үлкен қолдау көрсетуінің арқасында облыста бірінші рет 80 млн. теңге сомасында орман өрттерін сөндіруге арналған арнайы техниканы сатып алуға және өртке қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша қаражат бөлінді. 2011 жылғы сәуір айында облыстың орман мекемелеріне 7 бірлік УАЗ автомашинасының, 17 бірлік «Беларусь» тракторының және 1 өртке қарсы автомашинаның кілттері табыс етілді.

* * * * *

Сұрақ: Өрт шалған орман алқаптарының тағдыры қалай болмақ?

Жауап: Орман өрті болған алаңдарда орман патологиялық тексерулер жүргізілуде және қажет болған жағдайда санитарлық-сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі, олар бірінші кезекте енетіндер:

  • кеспеағаш аймағынан тыс қоқыстарды жинау;
  • кеспеағаш орындарын дауыл, жел құлатқан ағаштардан, шырпылардан тазарту;
  • тексеру жүргізілгеннен кейін санитарлық кесулер жасау.

Жоғарыда аталған іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өрт болған алаңдарда табиғи жолмен ағаш өспейтін болса, орман өсімдіктерін егу жүргізіледі немесе ағаштың табиғи өсуіне көмек көрсетіледі (ағаш кесілген учаскелерге тұқым себіледі).

* * * * *

Сұрақ: Орман алқаптарының орнын толтыру қалай және кімдердің есебінен жүзеге асады?

Жауап: 3 гектардан астам әрбір орман өрті жағдайы бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша келтірілген залалдың сомасы, орман өртінің туындау себебі және болжалды кінәлі тұлғалар айқындалады. 2010 жылы 93 орман өртінің 15 кінәлі тұлғасы ғана анықталды, оларға 748 мың теңге сомасында залалдың орнын толтыруға талап берілді.

Жыл сайын ағаш егу жүргізіледі және мемлекеттік орман мекемелері мен ұзақ мерзімді орман пайдаланушылар есебінен табиғи жаңаруға жәрдем жасалады – 2010 жылы жоспарланған 300 гектардың орнына 495 гектар отырғызылды (165%), 2011 жылы жоспарланған 300 гектардың орнына 358 гектар немесе бұл 113% отырғызылды, сондай-ақ 2011 жылы күзгі уақытта ағаш отырғызу және табиғи жолмен жаңаруға жәрдемдесу жоспарлануда.

* * * * *

Сұрақ: Орман зиянкестерімен күрес бойынша қандай шаралар қолданылуда?

Жауап: 2011 жылдың басынан бері облыс аумағында 6413 гектар алаңда жұпсыз жібек құртының ошағы болды. Ағымдағы 2011 жылдың маусым айында мемлекеттік орман қоры учаскесінің 5994 гектар алаңын «Геркулес» дәрісімен әуе жолымен өңдеу жоспарлануда. Орман мекемелерімен үнемі орман зиянкестері және ағаш ауруларының пайда болуына мониторинг жүргізіліп тұрады.

* * * * *

Сұрақ: Жылытуға арналған сүректің бағасы қанша?

Жауап: Кесуге мөлдек бөлу белгіленген орман шаруашылығы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Біздің ауа райында қайың қайта қалпына келу қабілетін 60 жаста жоғалта бастайды.

Сондықтан бірінші кезекте кесуге ескі ағаштар және өрт, артық сулану салдарынан су өту және ағаш аурулары себебінен әлсізденген екпе ағаштар тағайындалады.

* * * * *

Сұрақ: Облыс аумағында 2010 жылы қанша орман өрттері орын алды?

Жауап: 2010 жылы жалпы алаңы 1248,05 гектар 93 орман өрті жағдайы орын алды, орман өрттерімен келтірілген залал 4974,2 мың теңгені құрады. Орман өрттерінің пайда болуына кінәлі 15 тұлға анықталды және оларға 748 мың теңге сомасында залалдың орнын толтыруға талап берілді, өрттің қалған фактілері бойынша істер құқық қорғау органдарына кінәлі тұлғаларды анықтау үшін табысталды. Өрттердің негізгі себептері бақылаусыз ауылшаруашылық өртеулер және халықтың өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуы болып табылады.

* * * * *

Сұрақ: Ормандарды тазалау бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр?

Жауап: Ормандарды қоқыстан және қоқырсықтан тазалау үшін «Жасыл ел» жасағының сарбаздары белсенді жұмылдырылады, 2010 жылы 258 адам тартылды, ағымдағы 2011 жылы 170 адам тарту жоспарлануда. Бұдан бөлек, орман мекемелері өз күшімен және жергілікті халықтың қатысуымен ормандарды қоқырсықтан тазартуды 910 текше метр көлемінде жүргізді (2011 жылғы 30 маусымға).

Жер қойнауын пайдалану және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімі

Сұрақ: Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, сондай-ақ барлауды жүргізу құқығын алу тәртібі қандай?

Жауап: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру Ережелеріне және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 9 шілдедегі № 172 қаулысына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бір мезгілде барлауға және өндіруге келісімшарттарды жасау, тіркеу және орындау бойынша өкілеттік берілген.

Кең таралған пайдалы қазбаларға табиғи күйiнде немесе сәл өңделiп, тазартылғаннан кейiн негiзiнен жергiлiктi шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыруға пайдаланылатын құм, саз, қиыршық тас және басқалары жатады.

Барлауға, өндiруге, бiр мезгілде барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.

Барлау, өндiру немесе бiр мезгілде барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарт конкурс өткiзудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.

Конкурс өткiзбей төте келiссөздер негiзiнде келесі келісімшарттар жасалады:

  1. барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
  2. барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
    1. жалпыға ортақ пайдаланылатын темiр жол мен автомобиль жолдарын және көпiрлердi салу (қайта құру, жөндеу) кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
  3. ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге.

* * * * *

Сұрақ: Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіруге құқық алу тәртібі қандай?

Жауап: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Заңының 1-бабының 53-тармағына сай кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру - өндiрiлген кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiнсiз, меншiктегi не жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын өндiру;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Заңының 35-бабының 9-тармағына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға беру кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуi мүмкiн.

* * * * *

Сұрақ: Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге мораторий қандай кезеңге орнатылды және ол қашан жойылады?

Жауап: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңестің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 01-7.6 хаттамасының 2.6. тармағы негізінде) Қазақстан Республикасының Үкіметімен жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жаңа конкурстар өткізуге белгісіз мерзімге мораторий орнатылды.

* * * * *

Сұрақ: Петропавл қаласында өңделген мұнай өнімдерін, май сіңген шүберектер мен топырақты жинау, сақтау, тасымалдау және өртеу бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар бар ма?

Жауап: Солтүстік Қазақстан облысында өңделген мұнай өнімдерін жинауға, сақтауға, тасымалдауға мамандандырылған пункттер жоқ. Сонымен қатар, қалдықтардың бұл түрі қауіптілер қатарына жатады және олармен айналысу экологиялық талаптарға сәйкес болуға тиіс, нақты айтқанда: өңделген майлар қоспасын іске жаратқанға дейін герметикалық контейнерлерде қауіпсіз жерде сақтау, олардың топыраққа, су айдындарына және канализация жүйелеріне құйылуын болдырмау.

Қауіпті қалдықтарды іске жаратумен (өңдеумен) байланысты проблеманың болуын есепке ала отырып, басқарма оларға қала және облыс кәсіпорындарында өз бетінше (қосымша шығынсыз) қолданыс табуды ұсынады. Өңделген өнім қазандық отын ретінде немесе темір бетон бұйымдар мен құрылымдарды жасау кезінде, аса жауапты емес түрлі тораптар мен агрегаттарды майлауға (тасымалдағыштардың тартым торабы, ашық тісті беріліс, темір жолдың жылжымалы құрамының сырғыма мойынтірек және т.б.), коррозияға шалдыққан металл бұйымдарды консервілеуге, гидрооқшаулық жұмыстарды жүргізген және жол төсемін жөндеген кезде битумның өңделген маймен қоспасы жиі пайдаланылады. Бұдан бөлек, мақсатқа сәйкес болса өңделген майларды қайтадан пайдалану үшін регенерациялауға арналған қондырғыларды, ауа жылытқыштарды немесе өңделген өніммен істейтін қазандықтарды сатып алу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Жоғарыда айтылғанмен қатар «NordEkoConsult» ЖШС-нің қауіпті қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету коммерциялық ұсынымын қарастыруды ұсынамыз (байланыс телефондары: 8-7152-51-92-14, 8-705-800-23-63 Виталий Анатольевич Баталов).

Ұйымдастырушылық-құқықтық бөлім 

Сұрақ: Жеке және заңды тұлғаларөтініштері қандай мерзімде қарастырылады?

Жауап:

1. Қарастыру үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

2. Қарастыру үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

* * * * *

Сұрақ: Қарауға жатпайтын өтініштер?

Жауап: Мыналар қарауға жатпайды:

  • мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуғе тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;
  • мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

Су, балық ресурстары және жануарлар әлемін  пайдалануды реттеу бөлімі

Сұрақ: Заңда су объектілерінің су қорғау белдеулерінің шегінде қызметтің қандай түрлеріне тыйым салынған?

Жауап: Су қорғау белдеулерінің шегінде:

  1. су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
  2. су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
  3. бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
  4. су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
  5. жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
  6. шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
  7. тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

* * * * *

Сұрақ: Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу қай мемлекеттік органның құзыретінде? Бұл режим қандай нормативтік-құқықтық актімен белгіленеді?

Жауап: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Режим бассейндік су шаруашылығы басқармасының келісімімен белгіленеді.

Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 123 қаулысымен белгіленді. Қаулы әділет органдарында 2007 жылғы 25 маусымда 1647 нөмірмен тіркелді.

* * * * *

Сұрақ: Су қорғау аймақтары мен белдеулері жобаларының тапсырыс берушісі кім?

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне сәйкес су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша мамандандырылған жобалау ұйымдарымен жүзеге асырылады. Жекелеген су объектілері бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерінің (немесе олардың учаскелерінің) жобаларына тапсырыс беруші ретінде нақты объекті бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар болуы да мүмкін.

* * * * *

Сұрақ: Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды қай мемлекеттік орган жүзеге асырады?

Жауап: Мемлекеттік бақылауды су қорын пайдалану және қорғау саласында уәкілетті орган жүзеге асырады. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік бақылауды Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының аумақтық бөлімі жүзеге асырады.

* * * * *

Сұрақ: Арнайы су пайдалануға рұқсат беруді қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?

Жауап: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағы, 6) тармақшасына сәйкес  арнайы су пайдалануға рұқсат берудi, олардың күшiн тоқтата тұруды су қорын пайдалану және қорғау саласында уәкілетті орган жүзеге асырады. Облыс аумағында рұқсаттар беруді Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының аумақтық бөлімі жүзеге асырады.

* * * * *

Сұрақ: Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да имараттарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу қандай мемлекеттік органның құзыретіне кіреді?

Жауап: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 7) тармақшасына сәйкес судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да имараттарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіреді.

* * * * *

Сұрақ: Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын су объектілерін тіркеуді қай мемлекеттік орган жүргізеді? Тіркеуді жүргізудің тәртібі қандай?

Жауап: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Х алықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын су объектілерін тіркеу ережесіне сәйкес су объектісін тіркеу оның тұрған орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға құжаттарын қоса беріп, өтініш жолдайды. Құжатар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш қарастырылмастан қайтарылады.

Құжаттарды қарастыруға қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы орган он күн ішінде ұсынылған құжаттардың көшірмелерін келісуге жолдайды:

  1. тиісті аймақтың мемлекеттік органы санитарлық-эпидемиологиялық қызметке су объектісінің орталықтандырылмаған ауыз сумен және тұрмыстық-шаруашылық сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне;
  2. су қорын пайдалану және қорғау саласында уәкілетті органның аумақтық органына су объектісчін орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға пайдалану мүмкіндігіне.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар он күндік мерзімде келіседі және жергілікті атқарушы органға құжаттарды қарастырғаны туралы қорытынды ұсынады. Мемлекеттік органдардың оң қорытындысы келісу, теріс қорытындысы – келісуден бас тарту болып табылады.

Келісілген құжаттар негізінде жергілікті атқарушы орган өтінішті қарастыруға алған күннен бастап бір ай мерзімінде х алықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісін тіркейді.

Ереженің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың біреуі теріс қорытынды берген жағдайда жергілікті атқарушы орган өтінішті қарастыруға қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімінде себебі көрсетілген жазбаша бас тарту береді.

Тіркеуге қажетті құжаттар тізбесі көрсетілген Ережелердің 12 және 13 тармақтарында көрсетілген.

* * * * *

Сұрақ: Аңшылық қандай түрлерге бөлінеді?

Жауап: «Жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 32-бабына сәйкес аңшылық келесі түрлерге бөлінеді:

  1. аңшылық кәсібі – аңшылық нысаны болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында өндіру;
  2. әуесқой аңшылық (спорттық) – аңшылық нысаны болып табылатын жануарлар түрлерін спорттық, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және өндірілген өнімді жеке тұтыну үшін өндіру болып табылады.

* * * * *

Сұрақ: Аңшылыққа кімнің құқығы бар?

Жауап: «Жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 33-бабына сәйкес жеке тұлғалардың келесі шарттармен аңшылыққа құқы бар:

  1. егер аңшылық дәрімен атылатын қарумен жүргізілетін болса, он сегіз жасқа толуы;
  2. егер аңшылық басқа да аңшылық ережелерімен рұқсат етілген өндіру құралдарымен, иттер мен аушы құстармен жүргізілсе, он төрт жасқа толуы;
  3. аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген аңшылыққа құқық алуға рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төленуі туралы белгі соғылған аңшы куәлігінің болуы;
  4. жануарлар әлемін пайдалануға құқық алу.

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктерге аңшылық жасауға құқық аңшылық шаруашылығы субъетісімен бірге аңшылық ұйымдастыруға шарт және олардың тұрып жатқан елдерінде берілген аңшылыққа құқығын куәландыратын құжаттың және жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат алу негізінде туындайды.

Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру бөлімі 

Сұрақ: Қандай объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар алу талап етіледі?

Жауап: Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін.

* * * * *

Сұрақ: Мемлекеттік экологиялық сараптама қандай мерзімде жүргізіледі?

Жауап: Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі үш айдан аспауға тиіс, алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап екі аптадан аспауға тиіс.

* * * * *

Сұрақ: Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтінім қандай мерзімде беріледі және қарастырылады?

Жауап: Өтінімдерді беру қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін төрт айдан кешіктірмей немесе жаңа объектіні пайдалануға беруге дейін жүзеге асырылады. Қабылданған өтінімдер рұқсаттар беруші органмен өтінім тіркелген күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде қарастырылады. Қарастырудың қорытындысы бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.

* * * * *

Сұрақ: Жобалық құжаттамаға арналған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының әрекет ету мерзімі қандай?

Жауап: Жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы оның берілген күнінен бастап бес жыл ішінде әрекет етеді.

* * * * *

Сұрақ: Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша жобалық құжаттаманың әзірлеушісі кім болып табылады?

Жауап: Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

* * * * *

Сұрақ: Қоршаған ортаға эмиссияларға берілген рұқсаттардың әрекет ету мерзімі қандай?

Жауап: Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетілген, қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану шарттары өзгергенге дейін, бірақ: 1) табиғат пайдаланушылар үшін І санаттағы объектіге үш жылдан аспайтын; 2) табиғат пайдаланушылар үшін ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2018 12:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2018 12:44

Басқармасы басшысы
Бос орын

Подать резюме

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ

A- A A+